2026 жылға шетелдік жұмыс күші квотасы бекітілді

АСТАНА. KAZINFORM — Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушы 2025 жылғы 12 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған 2026 жылға арналған квотаны белгілеу туралы» бұйрыққа қол қойды.

2026 жылға шетелдік жұмыс күші квотасы бекітілді
Фото: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

— Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тарту квотасы 2026 жылға жұмыс күші санына пайыздық қатынаста белгіленді. Жергілікті атқарушы органдардың жұмыс берушілерге беретін рұқсаттары бойынша ол 0,25 пайызды, ал еңбек иммигранттарын тарту үшін 2,9 пайызды құрайды, — делінген құжатта.

Сондай-ақ бұйрықтың 2026 жылғы 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетіні көрсетілген. 

Бұған дейін министрлік аталған бұйрықтың жобасын әзірлегенін жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар