2026 жылға тыңайтқыш енгізу жоспары 2,3 млн тоннаға жетеді — АШМ

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров тыңайтқыш пайдалану деңгейі қаншалықты өскенін айтты. 

2026 жылға тыңайтқыш енгізу жоспары 2,3 млн тоннаға жетеді — АШМ
Фото: АЗЕРТАДЖ

— Өткен жылдың қорытындысы бойынша тыңайтқыш енгізу деңгейі алғаш рет ғылыми негізделген қажеттіліктің 58%-іне жетіп, 1,8 млн тонна болды. 2026 жылға тыңайтқыш енгізу жоспары 2,3 млн тонна. Бүгінгі күні 245 мың тоннаға келесім шарт жасалды, бұл жалпы көлемнің 10,6 пайызын ғана қамтиды. Сол себеппен облыс әкімдіктері осы бағытта жұмысты күшейтулері қажет. 2024 жылы енгізілген минералдық тыңайтқыштарды субсидиялаудың аванстық тетігі отандық тыңайтқыштар өндірісінің көлемін ұлғайтуға оң ықпал еткенін атап өткім келеді, — деді Айдарбек Сапаров.

Оның айтуынша, 2025 жылы КазАзот зауытының тыңайтқыш өндірісі 11,5%-ға өсті, ал Казфосфат өндірісінің көлемі 1,8 есеге ұлғайды.

— Атап айтқанда, әкімдіктерге қар тоқтату және ылғалды ұстап қалу жұмыстарын уақтылы жүргізу қажеттігін еске салғым келеді. Сонымен қатар, тұқым таңдау, себу мерзімдерін сақтау, тыңайтқыштарды пайдалану, себуге дейінгі топырақты өңдеу және басқа да қажетті іс-шараларды уақтылы әрі дұрыс орындауға ерекше назар аудару қажет, — деді министр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл жалпы егіс алаңы шамамен 23,8 млн гектар болды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум