2026 жылғы ӘЧ тарихта ең көп көрермен жиналған турнирге айналды

АСТАНА. KAZINFORM — FIFA мәліметінше, бейсенбідегі жағдай бойынша турнирдің алғашқы екі аптасында Мексика, АҚШ және Канадада өткен әлем чемпионатының матчтарын 3,6 млн футбол жанкүйері тамашалады, деп хабарлайды NBC News.

2026 жылғы ӘЧ тарихта ең көп көрермен жиналған турнирге айналды
Фото: footballtripper.com

Германия-Эквадор және Кот-д’Ивуар-Кюрасао арасындағы бір мезгілде өткен екі матчтан кейін жаңа рекорд орнатылды — 3 605 357 футбол жанкүйері.

Ұйымның мәліметінше, 2026 жылғы әлем чемпионатына келушілер саны 1994 жылы АҚШ-та өткен әлем чемпионатында орнатылған 3 587 538 адам рекордынан асып түсті. 
Турнирдің 32-ден 48 командаға дейін кеңеюі нәтижесінде топтық кезеңдегі ойындардың көбеюі бұл рекордтың тез жаңаруының себептерінің бірі болуы мүмкін.

АҚШ-тағы стадиондар да бұрын әлем чемпионатын өткізген көптеген елдерге қарағанда көбірек көрерменді сыйдырады. АҚШ Ұлттық футбол лигасы стадиондарының максималды сыйымдылығы 60 мыңнан 80 мыңға дейін көрерменді құрайды. Нью-Джерсидегі топтық кезеңдегі бірнеше матчты өткізген «Метлайф» стадионы — турнирдің ең үлкен аренасы, оның сыйымдылығы 82 500-ға дейін адам.

ФИФА мәліметінше, Қатарда өткен соңғы турнирдегі стадиондардың көпшілігінің сыйымдылығы шамамен 45 мың адам болған.

Осыған дейін АҚШ-та футболдан әлем чемпионаты өтіп жатқан стадиондар маңында 300-ден астам дрон тәркіленгенін жаздық.