2026 жылғы қысқы Олимпиаданың жабылу салтанаты өтіп жатыр
АСТАНА. KAZINFORM – 2026 жылғы 6-22 ақпан аралығында Италияның Милане-Кортина д’Ампеццо өңірінде өткен қысқы Олимпиада салтанатты түрде аяқталды.
Бұл іс-шара көне «Арена ди Верона» амфитеатрында өтті. Онда спорттық шара «Beauty in Action» («Қозғалыстағы сұлулық») атты шоуымен аяқталады. Жабылу салтанатына дәстүр бойынша барлық қатысушы елдердің делегациясы қатысты. Олардың арасында Қазақстан да бар. Әлемнің әр қиырынан келген спортшылар аренадан салтанатты түрде өтті.

Еліміз биыл қысқы Олимпиада ойындарында 10 түрінен 58 медаль жиынтығы бойынша бақ сынады. Олардың қатарында биатлон, конькимен жүгіру, мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, тау шаңғы спорты, шаңғы қоссайысы, шаңғы жарыстары, шаңғымен трамплиннен секіру, фристайл-могул және фристайл-акробатика бар.


2026 жылғы қысқы Олимпиадаға әлемнің 90-нан астам елінен шамамен 2 900-3 500 спортшы қатысты. Байрақты бәсекеде 16 спорт түрі бойынша 116 медаль жиынтығы сарапқа салынды.
Қысқы Олимпиадада еліміздің атынан мәнерлеп сырғанау шебері Михаил Шайдоров чемпион атағын жеңіп алды. Нәтижесінда қазір қазақстандық спортшылар жалпы командалық есепте 1 алтын медальмен 19-орынға тұрақтады.
Дүбірлі додада биыл еліміздің атынан мәнерлеп сырғанау шебері Михаил Шайдоров чемпион атағын жеңіп алды.


Қазақстан 1 алтын медальмен 19-орынға жайғасты.
Соңғы рет жеңіс тұғырына 1994 жылы қазақстандық шаңғышы Владимир Смирнов көтерілген еді.
Дүбірлі додада әлемнің 90-нан астам елінен шамамен 3 500 спортшы қатысты. Байрақты бәсекеде 16 спорт түрі бойынша 116 медаль жиынтығы сарапқа салынды.
Жалпы командалық есепте Норвегия 18 алтын, 12 күміс, 11 қоламен көш басына шықты. Одан кейінгі орындағы АҚШ 12 алтын, 12 күміс, 9 қола еншілесе, үздік үштікті 10 алтын, 7 күміс, 3 қоламен Нидерланд түйіндеді.

Биыл қысқы Олимпиадада барлығы 29 мемлекет жүлдеге қол жеткізді. Мұндай мүмкіндікке Италия, Германия, Франция, Швеция, Швейцария, Аустрия, Жапония, Канада, Қытай, Оңтүстік Корея, Аустралия, Ұлыбритания, Чехия, Словения, Испания, Польша, Жаңа Зеландия, Финляндия, Латвия, Дания, Эстония, Грузия, Болгария және Бельгия ие болды.
Енді алдағы қысқы Олимпиада 2030 жылдың 1-17 ақпан аралығында Франция Альпілері аймағында (Франция) өткізіледі. Бұл 2024 жылдың 24 шілдесінде өткен Франция астанасы Парижде өткен Халықаралық Олимпиада комитетінің 142-сессиясында белгілі болған еді.
Еске сала кетейік, 2030 жылғы қысқы Олимпиада қайда өтетінін жазған едік.