2026 жылғы шағын гранттар байқауының жеңімпаздары анықталды
АСТАНА.KAZINFORM - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының ұйымдастыруымен 2026 жылғы шағын гранттар байқауы аяқталды.
Іріктеу қорытындысы бойынша ең үздік деп танылған 96 жобаға грант бөлінеді. Жеңімпаздардың әрқайсысына өз бастамаларын жүзеге асыруға 1 миллион теңге көлемінде шағын грант беріледі.
Биыл байқауға еліміздің барлық өңірінен 520 өтінім түсті. Қатысушылардың басым бөлігі тарих пен мәдениет саласындағы волонтерлік, әлеуметтік және экологиялық волонтерлікті дамыту бағыттарын таңдады.
Мәдениет және ақпарат министрлігі мәліметінше, байқау бес үкіметтік емес ұйымның базасында ұйымдастырылып, волонтерлік қозғалысты дамытуға, халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдауға және ауылдық жерлердегі азаматтық белсенділікті арттыруға бағытталды.
Айта кетейік, елімізде қолөнер шеберлеріне арналған грант бағдарламасына өтінім қабылдау жалғасып жатыр.