2026 жылы Үндістанда жаңа атомдық сүңгуір қайық базасы ашылады
НЬЮ-ДЕЛИ. KAZINFORM – Үндістан келесі жылы Андхра-Прадеш штатында жаңа базаны пайдалануға беруді жоспарлап отыр. Бұл туралы The Times of India газеті хабарлады, деп жазады ТАСС.

Вишакхапатнамдағы Шығыс Әскери-теңіз күштері қолбасшылығының штаб-пәтерінен оңтүстікке қарай 50 шақырым жерде салынған базада ядролық сүңгуір қайықтар орналасатын туннельдер желісі бар. Бұл оларға Бенгал шығанағына кіруге мүмкіндік береді, себебі оны шпиондық спутниктер анықтай алмайды.
– Varsha жобасы бойынша Рамбилли базасының бірінші кезеңі аяқталуға жақын. 2026 жылы пайдалануға берілгеннен кейін оны кезең-кезеңімен кеңейтіп, жаңғыртуға болады, – делінген хабарда.
Үндістан сонымен қатар батыс жағалаудағы Карнатака штатындағы Карвар базасын біртіндеп жаңартып жатыр, деп жазады газет. Жобаның ағымдағы кезеңін жүзеге асыру 32 ірі кемені орналастыруға мүмкіндік береді.
– Ішкі айлақ дайын. Сыртқы бөлігіндегі толқындар мен кедергілерге қарсы жұмыс жалғасып жатыр, – деп қосты дереккөз.
Алдағы уақытта нысанды 50 кеме мен суасты қайықтары және 40 көмекші кемелерді орналастыру үшін кеңейту жоспарланған.
Үндістан биылғы жылы баллистикалық ядролық зымырандары бар Aridhaman атты 7 мың тонна сыйымдылығы бар үшінші атомдық суасты қайығын пайдалануға береді.
Ел төртінші сүңгуір қайығын жасап жатыр. Өткен жылдың қазан айында әрқайсысының су ығыстыруы 9,8 мың тонна болатын екі ядролық шабуыл суасты қайықтарының құрылысы мақұлдаған.
Айта кетейік, бұған дейін Үндістанда қоймада болған жарылыстан 20-дан астам адам қаза тапқанын жазған едік.