2026–2027 жылға магистратура гранттары иегерлері жарияланды

АСТАНА. KAZINFORM — Магистратура бойынша 2026–2027 оқу жылына арналған білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды. 

магистратура
Фото: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі

Білім беру гранттары кешенді тестілеу (КТ) нәтижелері бойынша конкурстық негізде тағайындалды.

Магистратура бойынша білім беру гранттарын тағайындау конкурсына ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша 75 балдан, бейіндік бағыт бойынша 30 балдан жоғары жинаған оқуға түсушілер қатысты. Жалпы конкурсқа 23 мыңға жуық адам қатысты.

Болашақ магистранттарды ЖЖОКБҰ-ға қабылдау 2026 жылғы 28 тамызға дейін (қоса алғанда) жүргізіледі. 

Толық грант иегерлерінің тізімін мына жерден көре аласыздар.