2029 жылға дейін мұнай химиясы саласында құны $14,3 млрд болатын 5 ірі жоба іске асырылмақ 

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанда мұнай химиясы саласында бес жыл ішінде құны $14,3 млрд болатын бірнеше ірі жоба іске асырылады.

Өткен жылы темір жол көлігімен мұнай өнімдері ең көп тасымалданды
Фото: Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі

Мұнай-газ химиясы саласын одан әрі дамыту елдің экономикалық өсуінің негізі болып табылады. Энергетика министрлігі осы бағытта кешенді жұмыс жүргізіп жатыр. Оның ішінде 2029 жылға дейін құны шамамен $14,3 млрд болатын 5 ірі жобаны іске асыру жоспарланған.  

«Осы жобаларды іске асыру экономиканың жыл сайынғы өсімін 1,5%-ға арттыруға, сондай-ақ 20 мыңға жуық жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Оның ішінде құрылыс кезеңінде 17 мың және пайдалануға берілген соң 3 мың жұмыс орны құрылады»,деді энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Үкімет отырысында.

Биылғы жылдың өзінде қуаттылығы 340 мың тоннаға дейінгі бутадиен және оның туындыларын өндіретін жобаның құрылысы басталады. Сондай-ақ қуаттылығы 1,2 миллион тонна полиэтилен өндіру бойынша ел тарихындағы ең ірі жобалардың біріне инвестиция салу туралы шешім қабылданады.

Соңғы жаңалықтар