2030 жылға қарай тыңайтқыш өндіру көлемі 4 млн тоннаға дейін ұлғаяды

АСТАНА. KAZINFORM — Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Үкімет отырысында агрохимия саласын дамытудың басым бағыттарын атады.

тыңайтқыш
Фото: primeminister.kz

— Агрохимия саласы елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ерекше маңызды. Осыған орай 2030 жылға дейін жергілікті егіншілерді отандық тыңайтқыштардың негізгі түрлерімен (азот, фосфор, калий) толық қамтамасыз ету жоспарланды, — деді ол.

Ведомство басшысы отандық өндірушілер карбамид, калий хлориді сияқты жаңа тыңайтқыш түрлерін өндіруге кірісетінін атады.

— Қайта жаңарту және жаңа жобалар есебінен 2030 жылға дейін жалпы тыңайтқыштар көлемі 4 миллион тоннаға дейін ұлғаяды, — деді Ерсайын Нағаспаев.

Айта кету керек, наурыз айында Үкімет тыңайтқыштарды субсидиялауға 48 млрд теңгеден астам қаражат бөлген болатын. 

Соңғы жаңалықтар