Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Футболдан әлем чемпионатына қатысушылар саны 64 командаға дейін артуы мүмкін

АСТАНА. KAZINFORM — ФИФА президенті Джанни Инфантино 2030 жылғы әлем чемпионатына қатысатын құрамалар санын 48-ден 64-ке дейін ұлғайту мүмкіндігі талқыланатынын мәлімдеді, деп жазады AlJazeeraRussia.

Джанни Инфантино
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Оның пікірінше, бұл шағын мемлекеттерге футболды дамытуға және турнирге жолдама алу үшін күресуге қосымша мүмкіндік береді.

Инфантино қазіргі 48 құрамадан тұратын форматтың үлкен жетістікке айналғанын атап өтіп, барлық құрлық өкілдерінің жоғары деңгейдегі ойын көрсетіп жатқанын айтты.

Ол әлем чемпионаты тек Еуропа мен Оңтүстік Американың артықшылығы емес, жаһандық футбол мерекесі болуы тиіс екенін жеткізді.

Қатысушылар санын 64 командаға дейін арттыру 2030 жылғы әлем чемпионатының логистикасына өзгеріс енгізуі мүмкін. Мұндай жағдайда Уругвай, Аргентина және Парагвай әрқайсысы бір матч қана емес, төрт құрамадан тұратын толық топтық кезең ойындарын қабылдай алады.

Түпкілікті шешімді қазіргі әлем чемпионаты аяқталғаннан кейін ФИФА-ның тиісті комитеттері қабылдайды.

Осыдан бұрын ФИФА футболдан әлем чемпионатының финалы өтетін алаңның шөбін 390 еуродан сатуды жоспарлап отырғаны хабарланды.

Әлем чемпионатының жартылай финалындағы ойындар қай телеарнадан көрсетілетінін сілтеме арқылы көре аласыз.