17:35, 28 Сәуір 2014 | GMT +5
2030 жылға қарай ЕЭО елдерінің жиынтық ЖІӨ түріндегі болашақтағы интеграциялық тиімділік 900 млрд. долларды құрауы мүмкін
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2030 жылға қарай Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің жиынтық Жалпы ішкі өнімі 900 млрд. долларды құрауы мүмкін. Бұл туралы бүгін М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде еуразиялық интеграцияның жаңа перспективалары тақырыбында дәріс оқыған ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
Еуразиялық экономикалық одаққа енуге көптеген елдердің қызығушылық танытып отырғандығын баса айтқан Елбасы: «Еуразиялық экономикалық интеграцияның экономикалық әлеуеті өте жоғары деп санаймыз. Тек үш елдің ғана экономикасы көлемінің жиынтығы 2,2 трлн. долларды құрайды. Үш елдің өнеркәсіп өнімдерінің шығарылған көлемі 1,5 трлн. АҚШ долларына жетті. 30-шы жылға қарай жиынтық ЖІӨ түріндегі болашақтағы интеграциялық тиімділік 900 млрд. долларды құрауы мүмкін. Біздің мамандар осылай санап отыр», - деді.