21 ақпан. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР
АСТАНА. 21 ақпан. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2014 жылғы 21 ақпанға арналған күнтізбесін ұсынады.
21 ақпан ЖҰМА Ана тілінің халықаралық күні. 1999 жылғы қарашада ЮНЕСКО Бас Конференциясының 30-шы сессиясының шешімімен бекітілген және 2000 жылғы ақпанның 21-інен бастап тілдік және мәдени әр алуандықты қорғау мақсатында атап өтіледі. Король V Харальдтың туған күні (Норвегия). Басқа да скандинав елдері сияқты Норвегия да король отбасы мүшелерінің туған күнін тойлайды. Бұл күндер байрақ күні деп аталады да, туған күн иесінің құрметіне заңнамада бекітілген жерлерде мемлекеттік ту көтеріледі.
ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР
85 жыл бұрын (1929) БКП (б) Орталық Комитетінің барлық партия ұйымдарына арналған «Еңбек тәртібін нығайту туралы» хаты жарияланды. Елдегі еңбек тәртібінің қатайғаны соншалық, жұмысқа себепсіз кешіккені үшін соттай салу, түрмеге жауып тастап әдеттегі іске айналды. 45 жыл бұрын (1969) «Байқоңыр» ғарыш айлағынан жіберілген «N-1» зымыран тасымалдағыш 70 секундтан кейін жарылып кетті. Бұл кеңестік зымыран Айға жетуі керек болатын. Зымыран ұшыру үш мәрте сәтсіздікке ұшырағаннан кейін жоба тоқтатылған. 22 жыл бұрын (1992) Атырау облысының Балықшы ауданындағы орта мектепке ақын, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Фариза Оңғарсынованың есімі берілді. 9 жыл бұрын (2005) Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Экстремизмге қарсы әрекет туралы» Заңға қол қойды. 8 жыл бұрын (2006) Солтүстік Қазақстанның белгілі гидротехнигі, Петропавл қаласының Құрметті азаматы Кеншінбаев Қаттай Бектасұлы туралы кітап жарыққа шықты. Ол өзі құрып, 25 жыл бойы басқарған бүкілодақтық «Союзцелинвод» тресі біздің еліміздің солтүстік өңірлерін таза ауыз сумен қамтыған. Қаттай Кеншінбаев 1969 жылы Петропавл қаласында «Союзцелинвод» тресін құрған уақыттан бері қаладағы небір әсем әлеуметтік ғимараттар: мектептер, балабақшалар, ауруханалар, емханалар, санаторийлер, демалыс лагерлері, 150 мың шаршы метрді құраған ондаған көп қабатты тұрғын үйлер салынды. 1986 жылы ол Қазақ КСР Еңбек сіңірген гидротехнигі атағына ие болды, ол үш дүркін Еңбек Қызыл Ту орденімен, Құрмет Белгісі орденімен, КСРО Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің медальдерімен және тағы да басқа сыйлықтармен марапатталған. Солтүстікқазақстандық туралы жазылған «Асыл азамат» атты кітап «Асыл мұра» орталығының редакция алқасының қолдауымен басып шығарылды. Жинақта Қаттайм Кеншінбаевтың өмірі мен еңбек жолы туралы достарының, әріптестерінің, ардагерлердің еске түсірулері топтастырылған. 7 жыл бұрын (2007) Қытайдағы, ТМД мен Еуропа елдеріндегі халықаралық қызметінің кеңеюіне байланысты, сондай-ақ компанияны шетелдік рыноктарда Қазақстан бизнесімен теңдестіру үшін, «Казжелдортранс» компаниясы атауын «Қазтеміртранс» АҚ деп өзгерту туралы шешім қабылдады. Меншігінде 56 мыңға жуық жүк вагондары бар «Қазтеміртранс» Қазақстан Республикасындағы жүк вагондары паркінің ірі операторы болып табылады. 7 жыл бұрын (2007) Абай атындағы Қазақ ұлттық университетінде қазақтың танымал композиторы, музыкалық білім негіздеушісі, Қазақ Республикасының халық әртісі, Қазақстан Республикасының ҰҒА академигі Ахмет Жұбановтың кеші өтті. Кеш А.Жұбановтың 100 жылдық мерейтойы аясында өткізілді. Режиссер Қалила Омаров «Ахмет Жұбанов» атты жаңа деректі фильмін ұсынды. Композитордың ұрпақтары фортепьяно туындыларымен, Құрманғазы лекцияларын, «Ахмет Жұбанов» кітабін ұсынды. Ахмет Жұбановтың шөбересі Алан Бөрібаев Германияда Майниген қаласындағы опера театрының директоры және бас дирижері, «Атам туралы ойлар» туындысын орындады. 6 жыл бұрын (2008) Семейде көкеністерді кептіретін және қайта өңдейтін зауыт ашылды. Оның жоба қуаттылығы - тәулігіне бір тонна өнім шығару. Зауыттың технологиясы қалдықсыз өнім шығару. Бұрын екінші сортты көкөністерді лақтыруға немесе малдарға беруге мәжбүр болатынбыз. Енді олар кептіріледі, нарықта сұранымсыз өнім қайта өңделеді, оны қоспа, жылдам дайындалатын сорпа және дәмдеуіштер жасайтын қазақстандық кәсіпорындар сатып алуға дайын. Зауыт заманауи технологиялармен жабдықталған. Жабдық Санкт-Петербор қаласынан әкелінді. Қаржылай көмекті мемлекет жасады. 6 жыл бұрын (2008) Астанада ерлі-зайыптылардың репродуктивті денсаулығын сақтауға арналған Отбасын жоспарлау және репродукциялау орталығы ашылды. Орталық бедеулікті және нәрестенің құрсақта жетілу кезеңінде кездесетін ауытқулар мен генетикалық ауруларды емдеуде амбулаториялық-консультативтік көмек көрсетеді. Орталық барлық құрал-жабдықтар және зертханалармен жарақтанған. 5 жыл бұрын (2009) Шығыс Қазақстан облыстық Халықтар достығы үйінде танымал кинодокументалист Анатолий Лаптев өзінің жаңа «Ақ Баур: күн мен түннің теңелуі» атты деректі фильмін ұсынды. Ұсынылған фильмде, Евразияның ұлы даласының жолында тұрған ерекше ескерткіш Ақ-Баур туралы көрсетілген.
ЕСІМДЕР
96 жыл бұрын (1918-1991) қолөнер шебері, КСРО Суретшілер одағының мүшесі, Ұлы Отан соғысының ардагері ИЛЯЕВ Ғани дүниеге келді. Ташкент қаласында туған. Ташкент көркемсурет училищесін бітірген. 1945-1978 жылдары Шымкент көркемсурет-өндіріс шеберханасының, Шымкент көркемсурет мектебінің директоры қызметтерін атқарған. Қолөнер шебері кілем, сырмақ, алаша, басқұрларға арнап ою-өрнектер (15 мыңға тарта үлгі) жасаған. 1958 жылы Мәскеуде өткен Қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігінде оның 88 туындысы көрмеге қойылған. 500-ден астам еңбегі республиканың галереялары мен көркемөнер қорларына алынған. «Гүлденген Оңтүстік», «Көктем», т.б. кілемдер эскиздері ерекше көз тартады. 53 жыл бұрын (1961) «Hұp Отан» ХДП Партиялық бақылау комитетінің төрағасы РАХЫМБЕКОВ Боран Ғизатұлы дүниеге келді. Қарағанды облысы Нұра ауданда туған. Целиноград ауылшаруашылық институтын, Ебней Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. Тарих ғылымдарының кандидаты, аға әділет кеңесшісі, полиция подполковнигі. Еңбек жолын кеңшарда диспетчер, экономист, аға экономист болып бастаған. 1986-1989 жылдары - Қазақстан ЛКЖО Нұра аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы. 1989-1991 жылдары - Қазақстан ЛКЖО Қарағанды облыстық комсомол комитетінің хатшысы, бірінші хатшысы. 1991-1995 жылдары - Қарағанды облыстық Жастар ісі жөніндегі комитеттің төрағасы, Молодежный аудандық әкішілігі басшысының орынбасары. 1995-1996 жылдары - кеңшардың кеңесші-заңгері. 1996-1997 жылдары - Қарағанды облыстық табиғатты қорғау прокурорының аға көмекшісі. 1997-1999 жылдары - Қарағанды облысы Әділет басқармасы бастығының орынбасары, басқарма бастығы. 1999-2002 жылдары - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің тіркеу қызметі комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы қаржылай-материалдық қамтамасыз ету департаментінің директоры. 2002-2003 жылдары - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бірінш вице-министрі, Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің кеңесшісі. 2003-2004 жылдары - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы құқық статистикасы және арнайы есепке алу комитеті төрағасының орынбасары. 2004-2007 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ұйымдастыру-бақылау жұмыстары және кадр саясаты басқармасы ұйымдастыру- бақылау бөлімінің бас инспекторы, мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру бөлімінің бас инспекторы, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігікадрлық жұмыстар департаментінің бастығы. 2007-2008 жылдары - «Hұp Отан»ХДП Орталық аппаратының хатшысы, аппарат жетекшісінің орынбасары, бірінші орынбасары қызметтерін атқарған. 2008 жылдан - қазіргі қызметінде 2009 жылдың мамыр айынан - «Hұp Отан» ХДП Саяси кеңесінің мүшесі, желтоқсан айынан - «Ертіс «Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ҰК» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің мүшесі, «Hұp Отан» ХДП жанындағы Жемқорлықпен күрес жөніндегі республикалық қоғамдық кеңесінің мүшесі. Медальдармен марапатталған.
48 жыл бұрын (1966) ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі НҰРКИНА Айгүл Қабдешқызы дүниеге келді. Павлодар қаласында туған. Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. Университетті бітіргеннен кейін Павлодар қаласы Индустриялық аудандық атқару комитетінің әлеуметтік қамсыздандыру инспекторы, Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институты Павлодар филиалында директордың өндiрiстiк тәжірибе жөніндегі орынбасары, оқытушы болып жұмыс істеген. 2004-2006 жж. - «Асар» Республикалық партиясы» РҚҰ Павлодар облыстық филиалының хатшысы. 2006-2012 жж. - «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы Павлодар облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары. 2012 жылғы қантардан бастап - бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының мүшесі.
«Ерен еңбегі үшін», «Астананың 10 жылдығы», «Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл» медальдарымен, «Белсенді қызметі үшін» омырау белгісімен марапатталған. 43 жыл бұрын (1971) «Қазақстан» РТРК» АҚ басқарма төрайымының бірінші орынбасары ЖҮНІСОВА Ләззат Олжабайқызы дүниеге келді. Еңбек жолын 1996 жылы «Қазақстан» ҰТА-да бастаған. 2002 жылы «Қазақстан» РТРК» АҚ басқарма мүшесі, 2004 жылы басқарма төрағасының бірінші орынбасары болды. 2006-2009 жылдары «БТА банк» АҚ бренд офисінің директоры, 2009 жылы «Arna Media Production» ЖШС директорының орынбасары, 2010 жылдың маусымында «Телевизиялық жаңалықтар агенттігі» ЖШС директоры. 2010 жылдың 1 желтоқсанынан «Евразия+ОРТ» ЖШС бас директоры. 2011 жылдың қарашасынан «Қазақстан» РТРК АҚ басқарма төрайымының бірінші орынбасары 30 жыл бұрын (1984) қазақстандық әнші ИСАБЕКОВА Мақпал дүниеге келді. 104 жыл бұрын (1910-1991) қазақстандық инженер, техника ғылымының докторы, профессор ТОНКОНОГИЙ Айзик Вольфович дуниеге келді. Украинаның Одесса қаласында туған. Одесса индустриялық институтының энергетика факультетін бітірген. Бірнеше авторлар бірігіп, ұсақ рудалар мен концентраттарды қайта өңдеудің циклдық тәсілін жасап шығарды. Осының негізінде циклдық технология жөнінде барлық өнертабыстар мен техникалық шешімдер жасалды. А.Тонконогийдің басшылығымен темір рудаларын, мыс және полиметал сульфиді концентраттарын, әртүрлі өндірістік өнімдерді, ангрендік және донбастық көмірлердің күлдерінен металл алу мақсатында Новиков кен орнының көмірлерін өңдеу жөнінде жартылай өндірістік зерттеу жұмыстары жүргізілді. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын педагогикалық қызметпен сабақтастырып, бірқатар жылдар Қазақ ауыл шаруашылығы институтында (Қазақ ұлттық аграрлық университет) «Жалпы жылу техникасы» курсынан сабақ берді. 150-ден астам ғылыми еңбектердің, 30 өнертабыстың авторы, 15 ғылым кандидатын дайындаған. Оның шәкірттері Қазақстанның барлық энергетика жүйелерінде еңбек етеді, кафедраларға, жобалау және ғылыми-зерттеу институттарына, электр стансаларына және энергетика жүйелеріне басшылық жасайды. «Ұлы Отан соғысындағы ерлік еңбегі үшін» медалімен марапатталған. 77 жыл бұрын (1937) 1991 жылдан Норвегия королі, әкесі Улафа V қайтыс болғаннан кейін таққа отырған ХАРАЛЬД V дүниеге келді.
57 жыл бұрын (1957) ресей эстрада әншісі, «Любэ» тобының жетекшісі, Ресей халық әртісі РАСТОРГУЕВ Николай Вячеславович дүниеге келді.