Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

21 маусымда елдің оңтүстігі мен батысында аптап ыстық болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстанның басым аумақтарында күн ашық, тек республиканың солтүстігінде, солтүстік батысында, батыста және оңтүстік шығысында атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады. Кей жерлерде жаңбыр жауып, күн күркірейді және жел күшейеді, кей аумақтарда тұман түсуі ықтимал.

21 маусымда елдің оңтүстігі мен батысында аптап ыстық  болады

Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлайды

Ақмола, Қостанай, Павлодар облыстарында, күндіз Жамбыл, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында кей жерлерде жел күшейіп, жылдамдығы 15-20 м/с. жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түсуі мүмкін, желдің жылдамдығы 15-20 м/с.

Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай, сондай-ақ Қарағанды облысының кей жерлерінде аптап ыстық болуы ықтимал.

Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында да күн ыстық, кей жерлерде аптап ыстық күтілуде.

Атырау, Ақтөбе өңірлерінің басым бөлігінде, Алматы, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Қарағанды,Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында өрт шығу қаупі аса жоғары.