21 жасар ақтөбелік атыс қаруын заңсыз сақтағаны үшін құрықталды

АҚТӨБЕ. 21 сәуір. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - 21 жасар ақтөбелік атыс қаруын заңсыз сақтағаны үшін ұсталды.
None
None

Облыстық ІІД болған брифинг барысында хабарланғандай, жас жігіт бұрындары алаяқтығы үшін сотты болған. Ол жедел ақпарат бойынша 15 сәуір күні Мира даңғылы мен Парковая көшесінің қиылысында Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлерімен құрықталды.

Автокөлік ішін тексеру кезінде жүргізуші отырғышының астынан атыс қаруына айналдырылған «ИЖ-79» газ тапаншасы, алты оғы бар оқшантай мен кастет табылды.

Ұсталған азаматтың айтуынша, тапанша мен кастетті ол өзін-өзі қорғау үшін сақтап жүрген.

Аталмыш қаруға криминалистикалық сараптама тағайындалды, оның нәтижесі бойынша ҚР ҚК 251-бабы - «Атыс қаруын заңсыз сақтау» бойынша қылмыстық іс қозғау мәселесі шешіледі. Күдікті азамат ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды.

Соңғы жаңалықтар