22 наурыз күні астаналықтар бірқатар концерттік бағдарламаларды тамашалай алады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлыстың Ұлы күні Конгресс-холл сарайында «Ән мен әнші» дәстүрлі концерттік бағдарламасы шымылдығын ашады. Ал «Қазақстан» орталық концерт залында ақын Серікзат Дүйсенғазиннің «Перзент тілегі» атты шығармашылық кеші өтеді.
None
None

Сондай-ақ 21, 22 наурыз күндері сағат 10.00-16.00 аралығында «Қазақ елі» монументі алаңында халықтық сауық пен мерекелік концерт ұйымдастырылады.

Бұл концерттік бағдарламада Т.Асар, А.Оқапов, «МузАРТ», «Жігіттер», «КешYOU», «Қоңыр», «АssyL», «The Jigits» топтары, Д.Құдайберген, «Сазген Сазы» фольклорлық ансамблі, «Шаттық», «Салтанат», «Wake-up», «Шолпан» би ұжымдары, «Елігай» ересектер хор өнер көрсетеді. Әртістердің ән қоржыны заманауи әндерімен қоса, ежелден ұлттық мәдениеттің өзегі саналған жыраулардың термелерімен, халық әндерімен ерекшеленбек.

Халықтық сауық кезінде түркі халықтарының ұлттық тағамдары фестивалі мен «Әлемдік көркемсурет және көктем жайлы пленэрлық музыка» инсталляциясы қойылады. Сондай-ақ аталмыш алаңда «Күрес», «Асық ату» спорттық сайыстары ұйымдастырылып, ұста-шеберлердің бұйымдары көрмеге жайылады.

Ал сағат 10.00-16.00 аралығында әкімдік алдындағы алаңда мерекелік шара өз жалғасын таппақ. Алаңға жиналғандар ыстық бауырсақтан дәм татып, спортық сайыстарда бақ сынай алады. Сонымен қатар көпшілік назарына театрландырылған көріністер ұсынылмақ.

Кешкі сағат 19.00-де әкімдік алдындағы алаңда Наурыз мерекесіне арналған концерт пен би кеші өтеді. Оған «Жігіттер», «Дабыл» , «Ретро», «Жалын» топтары, Маржан Арапбаева, Жади, Медет Шайкенов, Рүстем Жүгінісов сынды отандық эстрада жұлдыздары қатысады, деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар