23-24 маусымда елордадағы маңызды жол айрығының бір бөлігі жабылады
АСТАНА.KAZINFORM — Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Мәңгілік Ел даңғылы мен Сығанақ көшесінің көлік айрығында жол жабынының үстіңгі қабатын төсеу жұмысын жүргізеді.
Осыған байланысты 2026 жылғы 23-24 маусым аралығында келесі учаскелерде автокөлік қозғалысы толықтай жабылатын болады:
* Мәңгілік Ел даңғылынан Сығанақ көшесіне, Түркістан көшесі бағытына қарай оңға бұрылатын съезд;
* Түркістан көшесі жағынан Достық көшесі бағытына қарай оңға бұрылатын съезд.
- Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлауы және жол қозғалысын ұйымдастырудағы өзгерістерді ескеруі қажет, - делінген хабарламада.
Айта кетелік Астанада тағы бір көше уақытша жабылғаны туралы жазған едік.