23 маусымда Қазақстанның кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жауады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның барлық аймақтарында ауа райы құбылмалы болады. Кей жерлерде жаңбыр күтіледі, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін. Тек республиканың оңтүстік-батыс, орталық және оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Түнде және таңертең республика орталығының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлайды.
Ақтөбе, Павлодар, Жамбыл облыстарында найзағай ойнап, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін дейін күшейеді.
Қызылорда, күндіз Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді, шаңды дауыл болады, Қызылорда облысында бұршақ жаууы мүмкін.
Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, түнде Ақмола, күндіз Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді, Шығыс Қазақстан облысында бұршақ жаууы мүмкін.
Күндіз Ақтөбе, Қызылорда, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.
Күндіз Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, Кызылорда, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық болады.