23 желтоқсан күні телевизия мен радио уақытша жұмыс істемейді

телевизия
Фото: pixabay.com

2023 жылғы 23 желтоқсанда сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін (Астана қ.уақыты бойынша) «Қазмедиаорталығының» хабар тарату өзегін жаңғыртудың кезекті кезеңін аяқтау шеңберінде барлық технологиялық кешеннің желілік жабдығын ауыстыру жоспарлануда, деп хабарлайды Kazinform "Қазтелерадио" АҚ-на сілтеме жасап. 

Сондай-ақ, «Қазтелерадио» АҚ спутниктік, цифрлық және аналогтық эфирлік желілерінің техникалық құралдарында сервистерді өшіре отырып профилактикалық жұмыс жүргізетін болады.

Осыған байланысты, көрсетілген уақыт кезеңінде эфирлік, кабельдік және спутниктік телерадио хабарларын тарату желілерінде теле, радиоарналарды тарату тоқтайтыны туралы хабардар етеміз.

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Соңғы жаңалықтар
telegram