24 сәуірде елімізде өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасы
АСТАНА. KAZINFORM — Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі 24 сәуірде елімізде өтетін маңызды оқиғалардың алдын ала шолуын ұсынады.

АСТАНА
9:00-де Тәуелсіздік сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясының пленарлық отырысы өтеді.
9:00-де Hilton қонақүйінде Қазақстан машина жасаушыларының XII форумы басталады.
10:00-де EXPO-2017 аумағында «Инновациялар. Тұрақтылық. Болашақ» тақырыбында студенттік хакатон өтеді. Бұл іс-шара тұрақты даму, ақпараттық технологиялар және білім беру салаларындағы инновациялық идеяларды жүзеге асыру алаңы болмақ.
11:30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Иммунопрофилактика мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.
15:00-де Maqsut Narikbayev университетінде «Жұмыс істемейтін кассация» тақырыбында дөңгелек үстел басталады. Онда заңгерлер, депутаттар және мемлекеттік органдардың өкілдері ӘҚБтК бойынша шағымдану болашағын талқылайды.
15:00-де Nazarbayev University ғимаратында «Даланың жасыл инноваторлары: Қазақстанның тұрақты болашағын қалыптастыру» кітабының ресми тұсаукесері өтеді.
15:00-де ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысы болады.
17:00-де «Rixos President Astana» қонақүйінде Қазақстан-Чехия Үкіметаралық комиссиясының экономикалық, өндірістік және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі XII отырысы өтеді.