2–4 сәуірге болжам: жаңбыр, найзағай және температураның төмендеуі күтіледі
АСТАНА. KAZINFORM — Сәуір айының басында еліміздің солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз, жылы көктемгі ауа райы сақталады. Ал батыс өңірлерге оңтүстік циклон әсер етіп, тұрақсыз ауа райын қалыптастырады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМҚ мәлімдеді.
Синоптиктердің болжамынша, циклон шығысқа қарай жылжыған сайын, солтүстік, орталық және оңтүстік облыстарда найзағай күркіреп, жаңбыр жауып, кей уақытта нөсер жаңбыр күтіледі. Жел күшейеді, күндіз солтүстік-батыста бұршақ пен екпінді жел болуы мүмкін. Түнгі және таңғы сағаттарда тұман күтіледі.
Күндіз ауа температурасы:
- солтүстік-батыс пен солтүстікте +15…+25°С-тан +12…+20°С-қа дейін төмендейді,
- оңтүстікте +27…+32°С-тан +18…+25°С-қа дейін төмендейді,
- батыста +13…+20°С-тан +18…+25°С-қа дейін жоғарылайды,
- шығыста +18…+26°С-қа дейін көтеріледі,
- орталықта +15…+25°С шамасында сақталады,
- оңтүстік-шығыста +25…+30°С болады.
Айта кетейік, Қарағанды облысында сәуір айында қатты жел мен шаңды дауыл күтіледі.