25 адам «Нева экспресі» апатының құрбаны болды, 19-ы хабар-ошарсыз жоғалды
АСТАНА. Қарашаның 28-і. ҚазАқпарат - Соңғы деректер бойынша, 25 адам «Нева экспресі» жолаушылар пойызы апатының құрбаны болды, 95 адам ауруханаға жатқызылды, 19-ы хабар-ошарсыз жоғалды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.Ру сайтына сілтеме жасап.
Бұл деректерді РФ Денсаулық сақтау және әлеуметтік дамыту министрі Татьяна Голикова хабарлайды. Әлі көтерілмеген вагондардың ішінде 4-7 адам болуы мүмкін, 19 адам әлі табылмай отыр.