25 желтоқсан. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2015 жылғы 25 желтоқсанға арналған күнтізбесін ұсынады.

25 желтоқсан. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

25 желтоқсан ЖҰМА

Қытайда Конституция күні

1946 жылы Қытай Республикасының Конституциясын қабылдау күнінің құрметіне құрылды. Конституция әлемдегі ең көп халқы бар - сол уақытта шамамен 450 миллион адам тұратын елдегі демократияны қағаз жүзінде бекітті.

Қытай Республикасының Конституциясы 1946 жылдың 25 желтоқсанында қабылданған күнінен бастап заңды күшіне енген 1947 жылдың 25 желтоқсанына дейін өзгеріссіз болды: соңғы өзгертулері 2000 жылы енгізілген.

Рождество. Еуропада Рождество мерекесі Әулие Николаус күні, яғни желтоқсанның 6-да басталып, қаңтардың 6-да аяқталады. Еуропаның көптеген елдерінде бұл мереке - нағыз отбасылық мейрам болып саналады. Рождествоны тойлау екі-үш күнге созылады да дәстүрлі бірінші жұлдыз жанған сәтте кешкі асқа отырудан басталады.

Пәкістанда Мұхаммад Әли Джиннаның туған күні

Мұхаммад Әли Джинна 1876 жылы 25 желтоқсанда туылды және ол Пәкістанда ұлттық мемлекеттіліктің негізін қалаушы ретінде саналады. Ол Британдық Үндістан бөлімінің белсенді қатысушыларының бірі болды.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

36 жыл бұрын (1979) «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік қорық-мұражайы құрылды. Оның құрамына Ежелгі Тараз қаласының жұрты, Айша бибі, Қарахан, Бабажы қатын, Дәуітбек (Шамансұр) кесене ғимараттары, Қали Жүніс моншасы, Әбдіқадыр мешіті, сақтардың Үштөбе қорғанысы, төменгі Барысхан, Атлах, Адахкет, Хамукет, Жікіл қалаларының жұрты, т.б. тарихи және мәдени ескерткіштер біріктірілген.

33 жыл бұрын (1982) «Отырар сазы» фольклорлық-этнографиялық оркестрі құрылды.

25 жыл бұрын (1990) Павлодар облысы Екібастұз қаласындағы 2-ші СЭС-інің бірінші энергоблогі іске қосылды.

24 жыл бұрын (1991) КСРО басшысы М.Горбачев телеарна арқылы сөз сөйлеп, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы құрылғанына байланысты КСРО басшысы ретіндегі қызметін тоқтататындығын мәлімдеді. Сол түні Кремль күмбезінен Кеңес Одағының алқызыл туы алынып, орнына Ресейдің үш түсті туы ілінді.

20 жыл бұрын (1995) Елбасы Н.Назарбаев Конституциялық заң күші бар «Қазақстан Республикасындағы соттар мен судьялардың мәртебесі туралы» Жарлыққа қол қойды. Бұл Жарлық бойынша сот жүйесінің құрылымы және оны қалыптастырудың тәртібі, барлық деңгейдегі соттардың өкілеттіктері, соттардың мәртебесі мен олардың тәуелсіздігінің кепілдігі, оған қойылатын талаптар, судьяларға өкілеттік беру мен оны тоқтату тәртібі, судьяларды жауапқа тарту, оларды материалдық және әлеуметтік жағынан қамтамасыз ету белгіленген. 15 жыл бұрын (2000) Алматыда отандық өндірістің тұңғыш троллейбусы жасалды.

10 жыл бұрын (2005) Алматыда көрнекті қазақстандық альпинист Анатолий Букреевті (1958-1997) еске түсіруге арналған шыңға шапшаң өрмелеу сайысы болып өтті. Ол бұдан сегіз жыл бұрын дәл осы күні Аннапурна (Непал) шыңына өрмелеу кезінде қазаға ұшыраған болатын. Шара Кіші Алматы өзені аңғарындағы Тұйықсу альпинистік лагерінде, Шымбұлақ шатқалының жоғары жағында болды. Амангелді шыңының биіктігі - 3970 метр. Шыңға өрмелеуге тәжірибелі альпинистермен қатар жас спортшылар да қатысты. 9 жыл бұрын (2006) Алматыда «Ахмет Жұбанов» атты деректі фильмнің премьерасы болды. Көріністің авторы - танымал режиссер Қалила Омаров. Фильмнің сценарийін музыкант Жұбановтың қызы Ажар Ахметқызымен бірге жазған. Фильмде кейіпкердің танымал және белгісіз өмірінің көріністері пайдаланылған. А.Жұбановтың туған жері - Ақтөбе облысында және Алматыда, Астанада және Париждегі мерейтойлық шаралар өткен ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде түсірілген. Мәскеу мұрағаттарынан материалдар пайдаланылған. Фильмде Жұбановтар әулетінің көптеген мүшелері және оның шөбересі, жас танымал дирижер Алан Бөрібаев та қатысқан.

9 жыл бұрын (2006) Семейде алғашқы рет қазақстандағы дөңгелекті тракторды ТТЗ-80.10. құрастыру конвейерлік желісі іске қосылды. Бұл оның құрылуына Беларус, Ресей, Өзбекстан және Қазақстан қатысқан бірлескен кәсіпорын.

6 жыл бұрын (2009) Атырауда Қазылар сарайы ашылды. Мұнда облыстық және ауданаралық мамандандырылған экономикалық соттар орналасқан. Жаңа ғимаратта судьялардың жұмыстары үшін барлық жағдайлар жасалған. Инновациялық телекоммуникациялық технологиялармен жабдықталған, сот отырыстарын өткізуге арналған бірнеше залдар жұмыс істейді. Мәжіліс залы, судьяларға арналған қолайлы бөлмелер бар.

3 жыл бұрын (2012) Астана ТМД және ЕурАзЭҚ қалалық тәжірибелерінің «Тұрғың келетін қала» V көрме-байқауының лауреаты атанды. Аталған байқау Мәскеуде «Мегаполис: XXI ғасыр: Қала және балалар» атты IV халықаралық форумның аясында өтті.

Қазақстан астанасының атынан келген делегаттарға Ресей муниципалдық академиясының наградалары мен Астаналар мен ірі қалалардың Халықаралық ассамблесяның дипломдары табысталды.

Астана қаласы мұндай абыройлы наградаға жастардың еңбекпен қамтылуы саласындағы проблемаларды шешуге бағытталған «Жасыл ел» жалпыұлттық бағдарламасын жасап, іске асырғаны үшін қол жеткізді.

3 жыл бұрын (2012) ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Astana Solar» ЖШС-нің ұжымын фотоэлектрлік модульдердің өндірісі бойынша зауытта іске қосу-жөндеу жұмыстарының басталуымен құттықтады.

3 жыл бұрын Алматыда құрылтайшысы ҚР Кинематографистер одағы мен Ш. Айманов атындағы «Қазақ фильм» АҚ болып табылатын «Құлагер» жыл сайынғы ұлттық кинематографиялық сыйлықты тапсырудың 6-шы рәсімі өтті.

Бір жыл бұрын (2014) белгілі қазақстандық саяхаттанушы Сапар Ысқақов «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін қолдауда 9 ел бойынша сапарға шықты.

Журналист пен операторды қосқанда, 4 адам Сауд Арабиясы, Оман, Комор аралдары, Сейшел аралдары, Мадагаскар, Маврикий аралы, Мальдив аралдары, Шри-Ланка, Үндістан бағыттары бойынша саяхатқа шықты.

Бір жыл бұрын (2014) Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Алтын сапа» байқауының арнайы сыйлығын табыс етті.

«Үздік индустриялық жоба» номинациясында - «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» лауреат атанды.

«2014 жылғы өндірістені үздік инновация» номинациясында - ШҚО «Посук Титанум» ЖШС лауреат атанды.

Бір жыл бұрын (2014) Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев үш дәрежеден тұратын арнайы Еңбек даңқы орденін тағайындады. Үш дәреже иегері Еңбек батырына теңеседі. Еңбегімен еленген жұмыскерлер, шаруаларға ғана беріледі.

Бір жыл бұрын (2014) Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Индустрияландыру күні аясында жалпы ұлттық телекөпір өтті.

Президентке Индустрияландыру картасының 15 жаңа жобасы таныстырылды.

24 жыл бұрын (1991) Беловеж келісіміне қол қойылып, одақтық шарттан нақты бас тартқаннан кейін КСРО президенті Михаил Сергеевич Горбачев отставкаға кетті.

ЕСІМДЕР

126 жыл бұрын (1889-1941) Алаш қозғалысының қайраткері, Түркістан өлкесі халықтарының азаттық күресі жетекшілерінің бірі, публицист МҰСТАФА Шоқай дүниеге келді. Қызылорда облысы Шиелі ауданында туған. Сұлутөбе стансысындағы орыс мектебінде бастауыш білім алған ол 1902 жылы Ташкенттегі гимназияға түсіп, 1910 жылы үздік бітіріп шығады. Болашақ қайраткер 1910 жылы Санкт-Петербор университетінің заң факультетіне оқуға түсіп, оны 1917 жылы бітіреді. Студент шағынан қоғамдық-саяси өмірге белсене араласып, түркі-мұсылман студент жастарының қозғалысына қатысады. 1917 жылы сәуірдің 16-21-і аралығында Ташкентте өткен Түркістан өлкесі мұсылмандарының 1-ші съезіне қатысып, оның төралқасына мүше болып сайланды. «Бірлік туы» газетінің негізін қалап, оның алғашқы редакторы болды. Түркістан өлкесі жергілікті халқының мүддесін қорғауды мақсат еткен қоғамдық-саяси ұйымдардың қызметін үйлестіру үшін құрылған «Түркістан өлкесі мұсылмандарының орталық кеңесіне» төрағалық етті. Бірінші жалпықазақ съезіне қатысып, Бүкілресейлік құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылды. 1917 жылы Қазан төңкерісінен кейін Ташкенттегі жұмысшы-солдат депутаттар кеңесі жергілікті халықтың өзін-өзі басқару құқығын мойындаудан бас тартып, қарашаның 15-22-інде өткен кеңестердің 3-ші съезі қабылдаған «өлкедегі барлық билік еуропалық нәсіл өкілдерінен кұралған Түркістан Халық комиссарлар кеңесіне көшеді» деген қаулысын Мұстафа Шоқай нағыз әділетсіздік деп бағалады. Ұлттық қоғамдық-саяси ұйымдарды кеңестердің қырына алуына байланысты Мұстафа Шоқай жетекшілік еткен «Түркістан өлкесі мұсылмандарының орталық кеңесі» Ташкенттен Қоқанға көшіп, онда өлке мұсылмандарының төтенше съезін тез арада өткізу ісін қолға алды. 1917 жылы қарашаның 28-інде өткен Түркістан өлкесі мұсылмандарының төтенше 4-ші съезінің төралқасына басшылық етті. Осы съезд шешімімен құрылған Түркістан (Қоқан) автономиясының 54 адамнан тұратын Уақытша Халық Кеңесі құрамына сайланды және жаңа Уақытша үкіметтің Сыртқы істер министрі болды. Уақытша үкіметінің төрағасы М.Тынышбаев қызметінен кеткеннен кейін оның орнына Мұстафа Шоқай сайланды. Ол сондай-ақ 1917 жылы желтоқсанда Екінші жалпықазақ съезіне қатысып, Алашорда құрамына сайланды. Съезд аяқталғаннан кейін Мұстафа Шоқай біртұтас автономия құру мәселесін қарау үшін Сырдария қазақтарының құрылтайын шақыру туралы тиісті қайраткерлерге жеделхат жолдады. Онда: «Сырдария халқына өз тарапымнан айтарым, тегінде Алаш баласының басы қосылатын кезі осы бүгін. Айрылсақ, мұнан соң жұрттың басын қосуымыз қиын. Алаш ұранына шаппайтын қазақ баласы болмас. Сырдария қазағы кешікпей Алаш туының астына жиналар деген үміттеміз делінген еді. Мұстафа Шоқайдың Сырдария өңірі қазақтарын Алаш автономиясына қосу жолындағы әрекеті нәтижесіз болған жоқ. 1918 жылдың бас кезінде өткен Сырдария облысы қазақтарының съезі «Алашорда өз алдына автономия жариялап, Түркістан (Қоқан) автономиясымен одақ болса, Сырдария қазақтары Түркістан автономиясынан шығып, Алаш автономиясына кіреді» деген қаулы қабылдады. Қоқан қаласын большевиктер жаулап алып, Түркістан (Қоқан) автономиясын құлатуына байланысты Мұстафа Шоқай шет елге эмиграцияға кетуге мәжбүр болды. 1918 жылы мамырда Шоқай Ақтөбеге, одан Екатеринбургке жетті. Онда кеңестік билікке қарсы оппозиция күштермен байланыс орнатып, большевиктер үстемдігіне қарсы күрес жүргізудің жолдарын қарастырды. Бүкілресейлік Құрылтай жиналысының Самарадағы комитеті мәжілістеріне қатысты. Осы комитеттің ұйымдастыруымен 1918 жылы қыркүйекте Челябинскіде шақырылған съезге қатыспақ болып барғанында өзге делегаттармен бірге Колчак әскерлері тарапынан тұтқынға алынды. Сәті түсіп, тұтқыннан босап шыққан соң 1919 жылы көктемде Маңғыстау арқылы Бакуге, одан Тбилисиге келді. Мұстафа Шоқай онда 1921 жылғы ақпанның 25-іне дейін болып, осетиндік белгілі қайраткер А.Цалыковтың редакторлығымен шығатын «Вольный горец» және Грузия меньшевиктерінің «Борьба» газеттерінде істеді. 1920 жылы Тбилисиде украиндықтармен бірлесе отырып «На рубеже» журналын шығаруды жолға қойып, оның редакторы қызметін атқарды. Сонымен бірге ол «Шафақ» («Таңсәрі») газетіне бас редактор болды. Тбилиси қаласы Кеңес өкіметінің қолына өткен соң Мұстафа Шоқай зайыбымен бірге Түркияда біраз аялдап, соңынан Францияға ауысты. Шетелдік эмиграция жылдарында көптеген қиыншылықтарды жеңе отырып, ол кең ауқымды, терең мазмұнды саяси күрес жүргізді. А.Керенскийдің «Дни» және П.Милюковтың «Последние новости» газеттерінде қызмет етті. 1927 жылдан Зәки Уәлиди Тоғанның редакторлығымен Парижде шығып тұрған «Иени Түркістан» журналына атсалысып, «Туркестан милли бирлиги» («Түркістан ұлттық бірлігі») ұйымына жетекшілік етті. Эмиграцияда жүрген түркі-мұсылман халықтарының Ә.Топчибашев және Г.Исхаки секілді өкілдерімен жиі араласып, пікірлес болды. Оларды Ресейдегі түркі-мұсылман халықтарын азаттыққа жеткізуде күш біріктіре әрекет етуге үндеді. 1940 жылы Парижге неміс әскері кіргенде, Мұстафа Шоқай тұтқынға алынып, бірнеше ай концлагерьде отырып шығады. Көп ұзамай Мұстафа Шоқай Берлиндегі «Виктория» ауруханасында күмәнді жағдайда көз жұмып, қаладағы мұсылмандар зиратына жерленді. Францияның Ножан-сюр-Марн (Валь-де-Марн департаменті) қаласында қазақ ұлт өкілдерінің қатысуымен ескерткіш тақта орнатылған. Алматы қаласында Мұстафа Шоқай есімімен аталатын көше бар. Қызылорда қаласындағы Экология университетіне Мұстафа Шоқай есімі берілген. Қайраткердің туған ауылына ескерткіші қойылған.

10 7 жыл бұрын (1908-1974) жазушы, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. ЕСЕНЖАНОВ Хамза Ихсанұлы дүниеге келді. Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданында туған. Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік техникумын, Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын, Ленинградтағы (қазіргі Санкт-Петербор) Мемлекеттік өнертану институтының аспирантурасын бітірген. 1932-1937 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының жауапты хатшысы, КСРО Ғылым академиясының Қазақ филиалы әдебиет пен фольклор секторының меңгерушісі қызметтерін атқарды. 1937 жылдан Қазақ мемлекеттік филармониясының, кейін Қазақ опера және балет театрының директоры қызметін атқара жүріп, Қазақ педагогикалық институтында орыс әдебиеті тарихынан сабақ берді. 20-шы ғасырдың 30-шы жылдары республикалық басылымдарда қаламгердің «Өлеңтінің жағасында», «Қызыл құмақ», «Күшке - күш» сияқты әңгімелері мен «Жер шарында» атты пьесасы жарияланды. 1938 жылы жалған саяси айып тағылып, 20 жылға жуық уақыт сталиндік қуғын-сүргіннің зардабын тартты. Елге оралған соң, 1956 жылдан өнімді шығармашылық еңбек жолын бастады. Жазушының басты шығармасы - «Ақ Жайық» трилогиясы. Бұл үлкен еңбекте жазушы Батыс Қазақстан өңіріндегі революциялық қозғалысты, Кеңес өкіметінің қалай орнағанын суреттейді. Жазушының ұзақ жылдар бойғы еңбегі кезінде әдеби ортада лайықты бағасын алды. Заманымыздың заңғар жазушысы М.Әуезов трилогияға «Еуропа үлгісінде жазылған тұңғыш шығарма» деп баға берді. Автор отарлық езгіден қиналған халық бостандығы мен бақыты үшін күрескен ерлердің жиынтық бейнелерін (Хакім, Әлібек, Әділбек, Шолпан, Нұрым) жасаумен қатар, нақты тарихта болған адамдардың (Дмитриев, Әйтиев, Қаратаев, Белан, т.б.) өмір жолын шебер суреттеді. 1963 жылы трилогияның заңды жалғасы болып табылатын «Көп жыл өткен соң», ал 1970 жылы «Ағайынды Жүнісовтер» романдарын жазды. Соңғы екі кітапта жаңа өмір құрған елдің сан қырлы тұрмыс-тіршілігі мен әділет үшін күресі, адамның азамат ретінде қалыптасуы бейнеленген. «Ақ Жайық» трилогиясы мен «Көп жыл өткен соң» роман-дилогиясы 5 кітаптан тұратын тұтас эпопея іспетті. Жазушы өмірінің соңғы жылдары «Қарт қазақ», «Жайын ілерде», «Жар», т.б. әңгіме, очерк, әдеби-сын мақалалар жазды. 1978-1981 жылдары жазушының 6 томдық шығармалар жинағы жарық көрді. Жазушы көркем аударма саласында да өнімді еңбек етіп, М.Шолоховтың «Тынық Дон» романының 1-ші және 4-ші кітаптарын, И.Тургеневтің «Рудин», И. Шуховтың «Өшпенділік» романдарын, А.Пушкиннің «Дубровский» повесін, т.б. шығармаларды қазақ тіліне аударды. Сонымен қатар бастауыш, орта мектептер үшін оқулықтар жазды.

Ақын Сағат Әбдуғалиевтің «Хамза Есенжанов» атты өлеңінде зұлмат жылдардың құрбаны болған қаламгердің тартқан азабы, көрген қиындығы, сатқындардың құнсыз тірлігі баяндалған. Орал қаласындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасына қаламгердің есімі берілген.

7 6 жыл бұрын (1939-2014) қазақтың ақын қызы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасының халық жазушысы ОҢҒАРСЫНОВА Фариза Оңғарсынқызы дүниеге келді. Атырау облысында туған. Атырау мемлекеттік педагогика институтын бітірген. Ауылдық мектептің мұғалімі қызметін атқарған. 1966-1969 жылдары - «Коммунистік еңбек» облыстық газетінің әдеби қызметкері. 1969-1977 жылдары - «Лениншіл жас» («Жас Алаш») газетінің Атырау, Ақтөбе, Орал облыстары бойынша меншікті тілшісі, «Қазақстан пионері» газетінің редакторы. 1978 жылы - «Пионер» журналының бас редакторы. Алғашқы кітабы «Сандуғаш» 1967 жылы жарық көрген. «Мелодия», «Беспокойная пора», «Гордое поколение», «Көгершіндерім», «Тревоги», «Ожидание солнца», «Озарение» жыр жинақтарының, «Биіктік» очерктер жинақтарының, «Біздің Кәмшат» повесінің, Ә.Тәжібаев, М.Мақатаев, чили ақыны Пабло Неруды шығармашылықтары туралы әдеби-сын мақалалардың авторы. С.Вангелидің «Приключения Гугуце», «Дедушкин министр» балаларға арналған повестерін, С.Капутикянның, Е.Евтушенконың, Р.Казакованың, араб ақыны Әбдурахман әл-Хамисидің өлеңдерін, П.Нерудың кітаптарын қазақша аударған. Ақынның көптеген шығармалары шет тілдерге аударылған. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің бірінші және екінші шақырылымының депутаты. «Құрмет белгісі», «Парасат» ордендерімен, медальдармен марапатталған.

7 2 жыл бұрын (1943) әдіскер ұстаз СЫБАНБЕКОВА Бақыт Сауданбекқызы дүниеге келді. Алматы облысының Райымбек ауданында туған. Қазақ педагогикалық институтының (қазіргі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогика университеті) география факультетін бітірген. Еңбек жолын М.Мақатаев атындағы бастауыш мектеп мұғалімі болып бастаған. 1972-1978 жылдары география пәнінен, Алматы қалысындағы орыс мектебінде қазақ тілі пәнінен сабақ берген. 1979 жылдан Алматы қаласындағы Н.Островский атындағы зағип балаларға арналған мектепте оқытушы-тәрбиеші. 1990 жылы нүктемен оқыту әдістемесін меңгерген. Педагогикалық жұмыспен қатар ғылыми еңбекпен шұғылданған. 1992 жылы тифлопедагогиканы отандық тарихымызда тұңғыш рет қазақ тіліне енгізіп, зағип қазақ балаларын ана тілінде оқыту әдістемесін әзірлеген. «Еңбек ардагері» медалімен және басқа да медальдармен марапатталған.

70 жыл бұрын (1945) биология ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық Ақпаратандыру Академиясының академигі, Қазақстан Республикасы Жоғары мектеп Ғылым Академиясының академигі, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті экология және ботаника кафедрасының оқытушысы БИҒАЛИЕВ Айтқожа дүниеге келді. Ресейдің Куйбышев облысында туған. Алматы зооветеринарлық институтын, КСРО Ғылым Академиясы Жалпы генетика институтының аспирантурасын бітірген. 1969-1971 жылдары - Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясы Эксперименттік биология институтының ғылыми хатшысы. 1971-1985 жылдары - Ақтөбе медицина институты биология және жалпы генетика кафедрасының меңгерушісі. 1985-1987 жылдары - Евней Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің проректоры, ботаника, генетика және өсімдік селекциясы кафедрасының меңгерушісі. 1991-1995 жылдары - Қазақ мемлекеттік университеті экология және топырақтану кафедрасының меңгерушісі. 1995-2000 жылдары Қазақ мемлекеттік университеті жанындағы Экология проблемалары ғылыми-зерттеу институтының директоры қызметтерін атқарған. 120-дан астам ғылыми еңбегі бар. Медальмен марапатталған.

60 жыл бұрын (1955) қазақ тіліндегі «Экономика» газетінің бас редакторы ТАЖУТОВ Ахас Хаирұлы дүниеге келді.

Ақтөбе облысында туған. Алматы шетел тілдері педагогикалық институтын бітірген. 1982-1983 жылдары - КСРО Бүкілоақтық авторлар құқығы қауымдастығының Қазақ бөлімшесінің кеңесшісі. 1984-1986 жылдары - Науаи электр-химия зауытында шетелдік мамандардың аудармашысы. 1986-1987 жылдары -«Советский Казахстан сегодня» журналының редакторы. 1987-1992 жылдары «Арай-Заря» журналының шолушысы. 1992-1993 жылдары - ҚР Баспасөз және бұқаралық ақпарат құралдары министрлігі бас басқармасы бастығының орынбасары. 1993-1994 жылдары - «Алдаспан» шығармашыл жастар қауымдастығының консультанты. 1994-1995 жылдары - «Караван» АҚ «Аруана» газетінің тілшісі. 1995-1996 жылдары - «Время-Дәуір» газетінің бас редакторы, Қазақстанның халық бірлігі партиясы Орталық Комитетінің хатшысы. 1996-1997 жылдары - «Новое поколение» газетінің саясат бөлімінің меңгерушісі, «Түркістан» газетінің шолушысы. 1997-1998 жылдары - ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі басшысы- баспасөз хатшысы. 1998-2000 жылдар «Сөздік-Словарь» баспасының бас редакторы. 2000-2002 жылдары «Сорос-Қазақстан» қорының бағдарлама үйлестірушісі, «Түркістан» газетінің шолушысы. 2002-2004 жылдары - «Мегаполис» талдама орталығының жеткешісі, «Мегаполис» газеті бас редакторының орынбасары. 2004 жылы - «Асар-заманы» газетінің бас редакторы. 2004-2005 жылдары - «Central Asia Monitor» газеті бас редакторының орынбасары. 2005-2006 жылдары - «Апта.kz» газетінің бас редакторы. Қазіргі қызметінде - 2006 жылдан бері.

5 5 жыл бұрын (1960-2003) ақын МӘУКЕНҰЛЫ Нұрлан дүниеге келді. Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданында туған. Қазақ мемлекеттік университетін (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті), Алматы менеджмент басқару және болжам институтын (КИМЭП) бітірген.

Еңбек жолын құрылысшы болып бастаған. 1984-1986 жылдары - Зайсан аудандық «Достық» газетінің тілшіcі. 1986-1988 жылдары - Зайсан аудандық комсомол комитетінің хатшысы. 1988-1989 жылдары - Зайсан аудандық баспахананың директоры. 1989-1990 жылдары - Зайсан аудандық партия комитетінің нұсқаушысы. 1990-1991 жылдары республикалық «Жас қазақ» газетінің бөлім меңгерушісі, бас редакторы қызметтерін атқарған. Кейінгі жылдары «Ана тілі» - «Жалын» бірлескен басылым бас редакторының орынбасары болып жұмыс істеген. «Аудитория», «Қарлығаш» жыр топтамаларында өлеңдері жарияланған. 1955 жылы «Бойтұмар» жыр жинағы жарық көрген. Бірнеше мүшәйраның, Алматыда өткен Түрік дүниесі поэзиясы фестивалінің жүлдегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты. Зайсан ауданындағы бір көшеге ақын аты берілген.

9 7 жыл бұрын (1918-1981) Египеттің үшінші президенті, маршал Мохаммед Анвар ас-Садат дүниеге келді.

9 1 жыл бұрын (1924) Эфиопия президенті Гырма Уольдэ-Гийоргис Луча дүниеге келді. 9 1 жыл бұрын (1924) үнді мемлекет және саяси қайраткері, Үндістанның 11-ші және 14-ші премьер-министрі, ХХ ғасырдың аяғындағы көрнекті үнді саясаткерлерінің бірі Атал Бихари ВАДЖПАИ дүниеге келді.

4 5 жыл бұрын (1971-2010) кеңестік және ресейлік театр және кино актері, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі ГАЛКИН Владислав Борисович дүниеге келді.