26 қыркүйек күнгі ауа райы болжамы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 26 қыркүйекте республиканың басым бөлігінде құбылмалы ауа райы күтіледі. Фронталды бөліктердің әсерінен жаңбыр жауады, елдің солтүстік, оңтүстік және оңтүстік-шығысында антициклон жотасының әсерінен жауын-шашынсыз күн райы болжанады. Республиканың басым бөлігінде жел күшейеді, оңтүстікте, батыста - шаңды дауыл, оңтүстікте – найзағай, солтүстігінде тұман болады. ҚазАқпарат бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасап хабарлайды.
Атап айтқанда, Қостанай облысында түнде жел 15-20 м/с құрайды, күндіз облыстың солтүстігінде 23-28 м/с күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде солтүстік-батысында, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақмола облысында таңертең және күндіз басым бөлігінде желдің екпіні 15-20 м/с артады. Түнде және таңертең облыстың оңтүстік-шығысында тұман күтіледі.
Қызылорда облысында күндіз орталығында найзағай, 15-20 м/с жылдамдықтағы жел, шаңды болжанады.
Күндіз Түркістан облысының солтүстігінде, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында шаңды дауыл тұрып, жел 15-20 м/с күшейеді.
Қарағанды облысының батысында, орталығында және оңтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, Атырау облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде желдің күші 15-20 м/с артады.
Түнде Алматы облысының солтүстігінде 2 градус үсік сақталады.