26 мамырда ауа райы қандай болады
АСТАНА. KAZINFORM – Қазгидромет 26 мамыр, сейсенбіде бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады.
Синоптиктердің болжамы бойынша, Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай ойнайды. Батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Қарағанды облысының солтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай, облыстың шығысында жаңбыр, найзағай жарқылдайды. Облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда төтенше өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында, төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда төтенше өрт қаупі сақталады.
Атырау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай ойнайды. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде шаңды дауыл. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың орталығында, солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда күндіз шаңды дауыл болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Алматы облысының тау бөктерінде, таулы аудандарында аздаған жаңбыр, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың тау бөктерінде, таулы аудандарында екпіні 18 м/с. Облысының солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысының солтүстік-батысында аздаған жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 15 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында төтенше өрт қаупі бар, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде жоғары өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының батысында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр жауады, найзағай жарқылдайды. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады. Оралда күндіз жаңбыр, найзағай болады. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі. Шымкентте күндіз өткінші жаңбыр, найзағай ойнайды.
Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай ойнайды. Батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Павлодарда күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды.
Жамбыл облысының тауыл аудандарда, күндіз оңтүстігінде, таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Облыстың таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Таразда күндіз өткінші жаңбыр жауады, найзағай жарқылдайды.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түсді. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 2 градус үсік жүреді. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.
Абай облысында шаңды дауыл болады. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-батысында, орталығында жоғары өрт қаупі бар, облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде жоғары өрт қаупі күтіледі.
Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Облыстың орталығында, оңтүстігінде, батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қостанайда күндіз жаңбыр, найзағай болады.
Жетісу облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт каупі, облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда жоғары өрт каупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысының шығысында аздаған жаңбыр, найзағай, күндіз өткінші жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде дауыл болады. Оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Петропавлда күндіз өткінші жаңбыр, найзағай, дауыл болады. Оңтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі бар. Көкшетауда күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды.
Айта кетейік, экологтар атыраулықтардың шағымынан кейін ауа құрамын тексерді.