26 маусым күні Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді

АСТАНА. KAZINFORM — Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстан Республикасы Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады. 

Парламент
Фото: Парламент

— Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2026 жылғы 26 маусымда сағат 10.00-де Астана қаласында шақырылсын, — деп жазылған Өкім мәтінінде.