26 тамызда елдің басым бөлігінде нөсер жаңбыр жауып, жел күшейеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 26 тамызда республиканың басым бөлігіне циклон және онымен байланысты атмосфералық ағындар әсерін тигізеді, осыған байланысты солтүстік өңірлерде нөсер жаңбыр жауады, жел күшейіп, бұршақ түсуі мүмкін, деп хабарлайды Қазгидромет.
Қазақстанның батысында ауа райы жауын-шашынсыз.
Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман, желдің күшейіп, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, бұршақ жаууы ықтимал.
Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с болады, бұршақ болуы мүмкін.
Павлодар облысының кей жерлерінде жел тұрады, жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді, түнде және таңертең тұман түседі.
Қостанай, түнде және таңертең Жамбыл, Қызылорда, күндіз Алматы, Түркістан облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с жетеді.
Қызылорда, Жамбыл, Түркістан, сондай-ақ Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Қарағанды, Қостанай облыстарының кей жерлерде жоғары өрт қаупі сақталады.