27 қарашада Қазақстанның басым бөлігінде қар жауып, тұман түседі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан аумағының басым бөлігінде қар, жауын жауады, оңтүстіктің таулы аудандарында мол жауын-шашын түседі. Кей жерлерде екпінді жел тұрып, тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Бұл туралы Қазгидромет хабарлайды.

27 қарашада Қазақстанның басым бөлігінде қар жауып, тұман түседі

Алматы облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, Жалаңашкөл ауданында желдің екпіні 25 м/с болады,  түнде кей жерлерінде  тұман  түседі.

Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейіп, тұман, бұрқасын болады. Қостанай облысында көктайғақ күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді, күндіз  бұрқасын болады. 

Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ бақыланып, Түркістан, Жамбыл облыстарында желдің жылдамдығы 15-23 м/с-ға дейін күшеюі күтіледі.

Павлодар, күндіз Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Қарағанды, Атырау, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.