27 маусым. Тұлғалар туған күн

календарь күнтізбе
Фото: Kazinform/ Midjourney

Бүгін, 27 маусым күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

66 жыл бұрын (1958) музыкант, әнші, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Байғали Ермекұлы СЕРКЕБАЕВ дүниеге келді.

СЕРКЕБАЕВ Байгали Ермекович
Фото: wikipedia

Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясын бітірген.

«Арай» тобы ұжымында белгілі қазақ әншісі Роза Рымбаеваны сүйемелдеуші болды. 1982 жылы «Арайдың» барлық музыканттары тарап кетті. Ал, Роза Байғалиға жаңа топ жасақтауды және оны басқаруды ұсынды. Жаңа топ та бұрынғы «Арай» атауында қалды, кейіннен «Алматы-Студио», одан әрі «A’Studio» аталды. Қазіргі кезде өз ұжымында, «A’Studio» тобында және басқаларында продюсерлікпен айналысады.

Айта кетсек, 90-жылдардың басында режиссер Алексей Берковичпен «А-Студио» туралы «Джулия» музыкалық фильмі түсірілді. Оған музыканттардың өздері қатысты.

57 жыл бұрын (1967) Абай облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Қайрат Көлбайұлы ТАСТЕКЕЕВ дүниеге келді.

ТАСТЕКЕЕВ Кайрат Кулбаевич
Фото: facebook.com/senat.qazaqstan

Семей облысы Ақсуат ауданы Ақсуат ауылында дүниеге келді. 1993 жылы Семей малдәрігерлік институтын ветеринария мамандығы бойынша, 2000 жылы Қазақ академиялық университетін құқықтану мамандығы бойынша, 2014 жылы Қазақ инновациялық-гуманитарлық заң университетін қаржы мамандығы бойынша, 2018 жылы Қазақстан инженерлі-педагогикалық халықтар достығы университетін құрылыс мамандығы бойынша тәмамдаған. Заң ғылымдарының кандидаты.

1993-1998 жылдары «Мейрамхан» АҚ-ның менеджері, 1999 жылы Алматы қаласы Түрксіб аудандық сотының сот курьері, 1999-2000 жылдары Алматы қаласы сотының сот приставы, 2001-2010 жылдары Қазақ инновациялық-гуманитарлық заң университетінің оқытушысы, аға оқытушысы, 2010-2017 жылдары Қазақ инновациялық-гуманитарлық заң университетінің Мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасының меңгерушісі, 2017-2023 жылдары Семей қаласы Құрылыс колледжінің директоры қызметін атқарған.

2023 жылы ҚР Парламенті Сенатының депутаты болып сайланды, ҚР Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшесі.

57 жыл бұрын (1967) ҚР Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы Талапкер Қыдырұлы ӘМІРЕЕВ дүниеге келді.

 АМРИЕВ Талапкер Кыдырович
Фото: kazpravda.kz

Қырғыз КСР Ыстықкөл облысы Түп ауданы Құтырға ауылында дүниеге келген.

1985 жылы Кеңес Одағының Маршалы И. С. Конев атындағы жоғары жалпы әскери командалық училищесіне түсіп, оны 1989 жылдың шілде айында бітірді. 2001 жылы ҚР ҚК Әскери академиясына түсіп, 2004 жылы ҚР Ұлттық қорғаныс университетін (Щучинск қ.) бітірді.2014 жылы Мәскеу қаласындағы РФ ҚК Бас штабының Әскери академиясына оқуға түсіп, оны 2016 жылы үздік және алтын медальмен бітірді.

Еңбек жолы: 1989-2003 жылдары взвод командирінен құрама командиріне дейін әртүрлі лауазымдарда қызмет етті. 2013-2014 жылдары ҚР Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы, 2016-2019 жылдары ҚР Ұлттық ұланы «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы болды.

Қазіргі қызметінде 2019 жылдың мамырынан бері.

54 жыл бұрын (1970) «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС Бас директоры Еділ Құдайбергенұлы КӨПЕНОВ дүниеге келді.

КОПЕНОВ Едил Кудайбергенович
Фото: salem.su/news

Алматы облысында дүниеге келді. 1994 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық университетін «Тарих» мамандығы бойынша, 2002 жылы Д. А.Қонаев атындағы университетті «Қаржы және несие» мамандығы бойынша және 2011 жылы С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін «Электр энергетикасы» мамандығы бойынша бітірді.

Еңбек жолын 1992 жылы «Азияторгсервис» кәсіпорнының коммерциялық бөлімінің менеджері, кейін коммерциялық директоры болып бастаған.

Әр жылдары энергиямен жабдықтаушы, электр желілік және энергия өндіруші ұйымдарда басшылық қызметтерді атқарған: «Талдықорған АЭС» ААҚ, «Үштөбе АЭС» ААҚ, «Талдықорған акционерлік көлік-электр желілік компаниясы» АҚ, «Астанаэнергосбыт» ЖШС, «СевКазЭнерго Петропавловск» ЖШС, «Солтүстік Қазақстан Энергоорталығы» ЖШС, «Ақмола электр желілік үлестіру компаниясы» АҚ, «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ, «Астана-ЕРЦ» ЖШС.

2016-2021 жылдары «Электр энергиясы мен қуаты нарығының қазақстандық операторы» (ЭҚНҚО) АҚ-ның Басқарма Төрағасы, кейіннен «Самұрық-Энерго» АҚ-ның Бизнесті трансформациялау жөніндегі басқарушы директоры, Басқарма мүшесі лауазымын атқарған.

Қазіргі қызметін 2022 жылдың мамыр айынан бері атқарып келеді.

48 жыл бұрын (1976)Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Базарбайұлы НҰРМАҒАМБЕТОВ дүниеге келді.

НУРМАГАМБЕТОВ Канат Базарбаевич
Фото: ҚР ІІМ

Көкшетау облысы Бурабай ауданы Щорс ауылында дүниеге келген.1997 жылы ҚР ІІМ Қарағанды жоғары мектебін, 2007 жылы ҚР ІІМ Қарағанды академиясының профильді магистратурасын тәмамдаған.

Қызметте жеткен жетістіктері үшін ІІМ басшылығымен бірнеше рет марапатталған. «Самбо» күресі бойынша спорт шеберіне үміткер.

Еңбек жолы: 1997 жылы ҚР ІІМ Қарағанды жоғары мектебін аяқтаған соң, ішкі істер органдарындағы қызметін Көкшетау қаласы бойынша МТКБ тергеуші лауазымынан бастаған.

Әр жылдары Көкшетау қаласының ІІБ криминалдық полиция бөлімшесінде жедел уәкіл, Ақмола облысы ҚІІБ ҰҚҚКБ бөлім бастығы, Ақмола облысы ІІД Есірткіге қарсы күрес басқармасы (ЕҚКБ) бастығының орынбасары лауазымдарын атқарды.

2006-2007 жылдары ҚР ІІМ Қарағанды академиясының магистранты, 2009 жылы Ақмола облысы ІІД Есірткіге қарсы күрес басқармасының (ЕҚКБ) бастығы, 2011 жылы Ақмола облысы ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қасры күрес басқармасының (ҰҚҚКБ) бастығы, 2014 жылы Ақмола облысы ІІД Бурабай ауданы ішкі істер бөлімінің бастығы, 2015 жылы Ақмола облысы ІІД Степногорск қаласы Ішкі істер басқармасының бастығы, 2017 жылы Ақмола облысы ІІД Көкшетау қаласы Ішкі істер басқармасының бастығы, 2019 жылы Ақтөбе облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары (жедел жұмыс жөніндегі) қызметінде болды. 2020 жылы ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары, 2022 жылы ҚР ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің бастығы лауазымын атқарған.

Қазіргі қызметін 2024 жылғы қаңтар айынан бастап атқарып келеді.

41 жыл бұрын (1983) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Данабек Ержанұлы ИСАБЕКОВ дүниеге келді.

ИСАБЕКОВ Данабек Ержанович
Фото: parlam.kz

Өзбекстан Республикасы Жизақ облысында дүниеге келген. 2004 жылы Қазақстан Гуманитарлық Заң университетін «заңтану» мамандығы бойынша, 2008 жылы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «қаржы» мамандығы бойынша және 2020 жылы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «жерге орналастыру» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2004 жылы Шымкент қалалық Қазынашылық департаментінде жетекші заңгер болып бастады. 2006-2007 жылдары Шымкент қаласы бойынша салық комитетінің операторы, мұрағатшысы болып жұмыс істеген. 2007-2009 жылдары Шымкент қаласы «MAD LTD и К» ЖШС-нің директоры, 2009-2014 жылдары Шымкент қалалық ОҚО ФРМК «Халыққа қызмет көрсету орталығы» директорының орынбасары, 2014 жылы Жамбыл облысы бойынша Жылжымайтын мүлік орталығы РМҚК-нің директорының орынбасары, 2014-2015 жылдары «ҚР Әділет Министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің ОҚО бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталығы» РМҚК-нің директоры, 2015-2016 жылдары ҚР Әділет Министрлігі «Жылжымайтын мүлік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК-нің ОҚО бойынша филиал директоры қызметін атқарған.

2016 жылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ ОҚО бойынша филиалы «Жылжымайтын мүлік орталығы» Департаментінің директоры, 2016-2018 жылдары «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ ОҚО бойынша филиалы Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру Департаментінің директоры, 2018-2019 жылдары аралығында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ ОҚО бойынша филиал директорының орынбасары болды. 2020-2023 жылдары Шымкент қаласы мәслихатының жетінші шақырылымының депутаты, Заңдылық, құқық тәртібі және жергілікті өзін-өзі басқару жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы болған.

Қазіргі лауазымын 2023 жылдың наурыз айынан бері атқарып келеді.

38 жыл бұрын (1986) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VІІІ шақырылым депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Елнұр Сабыржанұлы БЕЙСЕНБАЕВ дүниеге келді.

 БЕЙСЕНБАЕВ Елнур Сабыржанович
Фото: parlam.kz

Кентау қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі. Саясаттанушы, әлеуметтік ғылымдар магистрі.

Еңбек жолын «Жастар үні» Жастар қоғамдық ұйымында маман ретінде бастап, кейіннен 2009 жылы төраға болып тағайындалды. 2012-2015 жылдары тарих пәнінің мұғалімі, Қазақстан коммунистік халық партиясының Алматы қалалық филиалында идеология және насихат жөніндегі хатшы қызметтерін қоса атқарды. 2016-2017 жылдары Алматы қаласы әкімдігінің жастар жобалары және ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің басшысы, жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы лауазымдарында еңбек етті. 2017-2018 жылдары Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде тәрбие жұмысы департаментінің директоры болып жұмыс атқарды. 2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі кеңесшісі болды. 2020 жылы «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» Жастар қанатының төрағасы болып сайланды.

29 жыл бұрын (1995)ҚР ПТРК АҚ«Aqparat» бағдарламасының жүргізушісі Рахымжан ДАРХАН дүниеге келді.

ДАРХАН Рахимжан
Фото: rtrk.kz

Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында туған. Ақтөбе қаласындағы Қазақ-Орыс халықаралық университетін бітірген.

Еңбек жолы: 2014 жылы «Қазақстан» РТРК Ақтөбе облыстық филиалы — «Ақтөбе» телеарнасында қызмет атқарды, 2020 жылы «Qazaqstan» ұлттық телеарнасында тақырыптық жаңалықтар және ақпараттық жаңалықтар бөлімінің редактор-жетекшісі болып жұмыс істеді.

Қазіргі қызметінде 2020 жылдан бері.

Соңғы жаңалықтар