27 НАУРЫЗ. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2015 жылғы 27 наурызға арналған күнтізбесін ұсынады.
None
None

27 НАУРЫЗ, ЖҰМА

Мьянмада Қарулы күштер (Қарсылық көрсету) күні. Бұрын бұл мереке Мьянма әскерінің 1945 жылы жапондық оккупацияға қарсылық таныта бастауы себебімен Қарсылық көрсету күні деп аталған. Халықаралық театр күні. 1962 жылдан бастап жыл сайын атап өтілетін бұл атаулы күн 1961 жылы ЮНЕСКО жанындағы Халықаралық театр институтының Венада өткен 9-ші конгресінде бекітілген болатын.

Ресей ІІМ Ішкі әскерлері күні. Ресей Федерациясының барлық әскери қызметкерлерінің кәсіби мерекесі.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

8 5 жыл бұрын (1930) Жетісудың Лепсі, Ақсу аймағы қазақтарының Кеңес өкіметінің ұжымдастыру саясатына карсы көтерілісі болды. Олардың қатары ресми деректерде 1000 адамға дейін жеткен. Көтерілісті Егеубек Жанбайұлы, Қалдыбай Қылиұлы және Ғали Сатырбайұлы басқарды. 27 наурыз күні көтерілісшілер Ақсу елді мекенін басып алып, мемлекеттік мекемелерді өртеді, телеграф бағаналарын қиратты. БМСБ органдары көтерілісті басу үшін 25 адамдық жасақ аттандырды. Қару-жарағы жеткіліксіз көтерілісшілер өкімет әскерімен қақтығыста ойсырай жеңіліп, Балкаш қаласы маңындағы Жаман Жамал, Күшікжан секілді бұйрат-құм шоғырларын, жыңғылды мекендерді тасалап жүрді. Көтерілісшілердің соңдарына түскен атты әскер оларды құм ішінде қырғынға ұшыратты.

23 жыл бұрын (1992) «Бөбек» балалар қайырымдылық қоры құрылды. Қорды құрушы және жетекшісі - Сара Алпысқызы Назарбаева.

23 жыл бұрын (1992) Алматыда - ТМД елдері Жоғарғы Кеңестері төрағаларының консультативті кеңесі болды.

13 жыл бұрын (2002) ҚР ІІМ Кинология орталығы құрылды.

12 жыл бұрын (2003) Батыс Қазақстан облыстық жастар қауымдастығы құрылды. Бүгінгі таңда оның құрамына 26 жастар ұйымы кіреді.

9 жыл бұрын (2006) Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Бельгия Корольдігінің сыртқы істер министрі, ЕҚЫҰ-ның Төрағасы Карл де Гюхтты Ақордада қабылдады. Сондай-ақ Астанада өзінің Қазақстандағы Бельгия Елшілігінің ашылуына қатысқанын айта келе, Елшілік бұдан былайғы уақытта Бельгия мен Қазақстанның арасындағы экономикалық ынтымақтастықты дамытуға үлес қоса беретіндігін жеткізді.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігін Бельгия Корольдігі 1991 жылғы желтоқсанның 31-інде мойындады. 1992 жылғы тамыздың 25-інде дипломатиялық қарым-қатынас орнатылды.

8 жыл бұрын (2007) астанамыздағы «Окан Интерконтиненталь» қонақ үйінде Маңғыстау облысындағы туризм саласын дамытуға арналған «Кендірлі» жобасының таныстырылымы болып өтті.

Жоба аясында Маңғыстау облысындағы «Кендірлі» демалыс аймағында 10 мың адам тыныға алатын курорт ашу жоспарланған. Жылдың 6 айында жайлы ауа райы тұратын бұл жерде 6 ірі туристік және ойын-сауық кешендерін салу көзделген. Теңіз жағалауында бес жұлдызды отельдер орналасса, оның қасында гольф алаңдары болмақ.

Каспий теңізі аумағында туризм саласын дамыту бастамалары мемлекеттік бағдарламада халықаралық маңызы бар жобалар ретінде белгіленген.

8 жыл бұрын (2007) Алматыда MediaNet халықаралық журналистика орталығы «Парламенттік журналистика. Қазақстан мен Ұлыбритания тәжірибесі» атты кітаптың таныстырылымын өткізді. Жаңа тәжірибелік қолдау материал Ұлыбритания Елшілігі мен Британ кеңесінің қолдауымен Қазақстан мен Қырғызстандағы парламенттік журналистиканы дамыту жобасы аясында жарық көріп отыр.

Оның авторлары - өз елдерінің парламент жұмыстарын үнемі баспасөз беттерінде жариялап отыратын қазақстандық және британдық тәжірибелі журналистер.

Кітап «Қазақстандық тәжірибе» және «Британдық тәжірибе» атты екі бөліммен тұрады.

5 жыл бұрын (2010) Алматыда қазақтың атақты актрисасы Сәбира Майқанованың құрметіне мемориалдық тақта ашылды. Ол актрисаның өмірінің соңғы жылдарында тұрған үйдің алдында орнатылды.

Сәбира Майқанова 1914 жылы 1 қаңтарда Қызылорда облысының қазіргі Сырдария ауданында дүниеге келген. КСРО-ның Халық әртісі (1970 ж.) ол өзінің Отан алдындағы еңбегі үшін Еңбек Қызыл Ту орденімен және көптеген медальдармен марапатталған. 1932 жылдан бастап М.Әуезов атындағы Қазақ драма театрында ойнады. Ол 1995 жылдың 14 ақпанында қайтыс болды.

5 жыл бұрын (2010) Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығы құрметіне арналған мерекелік медаль туралы» Жарлыққа қол қойды.

503 жыл бұрын (1512) испан зерттеушісі Хуан Понсе де Леон Флориданы ашты.

222 жыл бұрын (1793) Екатерина ІІ оң жақ жағалаудағы Украинаның Ресей құрамына енгізу туралы манифест шығарды.

174 жыл бұрын (1841) Нью-Йоркте Пол Ходж құрастырған бірінші бумен өрт сөндіретін машина сыналды. Ұзындығы 14 фут, салмағы 8 тоннаға жуық бұл құралды орнынан қозғау үшін екі аттың күші қажет болды.

161 жыл бұрын (1854) Франция мен Ұлыбритания Ресей империясының қарсыластары ретінде Қырым соғысына қатысты.

137 жыл бұрын (1878) орыс шаруасы Ф.Блинов өзі шығарған «Бітпейтін төрткілдештері бар вагонға» (әлемдегі алғашқы шынжыр табанды трактор) патент алу өтінімін берді.

122 жыл бұрын (1893) Халықаралық зияткерлік меншік ұйымында швейцариялық Longines сағаты сауда белгісі мен оның логотипі тіркелген. Longines әлемде қазіргі қолданыстағы тауарлық белгілердің арасында тіркелген бірінші белгі болып табылады.

122 жыл бұрын (1893) әлемде алғашқы «Александр Белл» атты телефон компаниясы жұмыс істей бастады.

87 жыл бұрын (1928) Голландияда футбол тақырыбындағы әлемде бірінші пошталық марка шығарылды.

25 жыл бұрын (1990) Лондондағы Бейкер-стритте Шерлок Холмс мұражайы ашылды.

ЕСІМДЕР

10 9 жыл бұрын (1906-1981) актриса, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген әртісі ШАМОВА Мәлике Бұрханқызы дүниеге келді.

Орал қаласында туған. Өнер жолын 1917 жылы Орал қаласында татар труппасынан бастаған. 1922-1926 жылдары Орал, Семей қалалық театрларында өнер көрсеткен. 1928-1954 жылдары Алматыдағы Қазақ драма театрының актрисасы болған. Ол театр сахнасында Жүзтайлақ, Назым (М.Әуезов «Түнгі сарын», «Сын сағатта»), Зейнеп (М.Әуезов, Л.Соболев «Абай»), Эмилия (У.Шекспир «Отелло»), т.б. рөлдерді ойнаған.

10 1 жыл бұрын (1914-1967) актриса, режиссер, Қазақстанның халық әртісі ХАЙРУЛЛИНА Ғайни дүниеге келді.

Атырау облысының Құрманғазы ауданында туған. Санкт-Петербордың (Ленинград) мемлекеттік сахна өнері техникумын, Театр, музыка және кинематография институтының Қазақ студиясын, Мәскеу қаласындағы Мемлекеттік театр өнері институтының режиссерлік факультетін бітірген. 1938-1961 жылдары Шымкент облыстық қазақ драма театрының актрисасы, режиссері, бас режиссері қызметтерін атқарған. 1947-1949 жылдары Жамбыл облыстық қазақ драма театрының көркемдік жағын басқарған. Бұл театрларда ұлттық драматургиядан М.Әуезовтің «Қара Қыпшақ Қобыланды» мен «Қарагөз», С.Мұқановтың «Шоқан Уәлиханов», М.Ақынжановтың «Ыбырай Алтынсарин», Ғ.Мүсіреповтың «Ақан сері - Ақтоқты», сонымен қатар классикалық туындылардан К.Гольдонидің «Екі мырзаға бір қызметкер», Балзактың «Өгей шеше», Н.Гогольдің «Ревизор», А.Островскийдің «Жазықсыз жапа шекккендер», тағы басқа драматургтердің пьесаларын қойып, өзі Қарлыға, Жүзтайлақ, Назым (М.Әуезов «Қара Қыпшақ Қобыланды», «Түнгі сарын», «Сын сағатта»), тағы басқа рөлдерді сомдады. Шымкент облыстық қазақ драма театрында классикалық шығармаларды қоюда көп еңбек сіңірді. Көбіне орындайтын кейіпкерлерінің мінез кереғарлығын, драмалық бояуын баса көрсетуге ұмтылу, оның актерлік өнеріне тән сипат болатын. 1961-1964 жылдары қазіргі Қазақтың мемлекеттік академиялық жастар мен балалар театрының бас режиссері болды. 1964 жылдан Алматы мемлекеттік өнер институтында педагогикалық қызметпен шұғылданды.

«Құрмет белгісі» орденімен және бірнеше медальдармен марапатталған.

7 3 жыл бұрын (1942) өнертану ғылымдарының докторы, профессор ҚАРАҚҰЛОВ Болат Ишанбайұлы дүниеге келді. П.И.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясын, ҚазКСР Ғылым академиясының М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының аспирантурасын бітірген. 1982 жылдан бері консерваторияның қазақ музыкасы мен фольклоры кафедрасында сабақ береді.

Ол өзінің ғылыми зертеулерінде музыкалық фольклорды және халықтық ән өнерін зерттеді. Б.Қарақұловтың «Асыл мұра» музыкалық-этнографиялық жинағы республиканың музыкатану ғылымына қосылған елеулі үлес болып табылады.

6 6 жыл бұрын (1949) Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің проректоры, техника ғылымдарының кандидаты, профессор БАЙЫСБЕКОВ Шыныбай дүниеге келді.

Алматы облысында туған. Қазақ политехникалық институтын бітірген. Осы институтта инженер, аға инженер, аға ғылыми қызметкер, аға оқытушы, доцент, оқу бөлімі бастығының орынбасары, бастығы, Оқу басқармасының бастығы, бірінші проректоры қызметтерін атқарған. 2000-2003 жылдары «Қазақ-Алтын» тау-кен металлургиялық компаниясының президенті болған. Қазіргі қызметінде 2003 жылдан бастап істейді. Ғалымның 50-ден астам ғылыми еңбегі жарық көрген.

58 жыл бұрын (1957) әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор, академик МҰТАНОВ Ғалымқайыр Мұтанұлы дүниеге келді.

Семей облысының Жарма ауданындадағы Белтерек ауылының тумасы. 1979 жылы Қазақ политехникалық институтын "Автоматика және телемеханика" мамандағы бойынша тәмамдады. Еңбек қызметін Рудный индустриялық институтында бастады. Мәскеу болат және қорытпалар институтының «Түсті және сирек металдардың технологиялық үдерістерін автоматтандыру» кафедрасында екі жылдық ғылыми сынақ мерзімінен өтті. Мәскеу мемлекеттік кен университетінің «Автоматтандырылған басқару жүйелері» кафедрасында аспирантура мен докторантурада оқыды. Оның кандидаттық және докторлық диссертациялары жасанды ақыл-парасат элементтерін қолданып, технологиялық үдерістерді автоматтандырып басқару теориясы мен практикасына арналған. 1995 жылы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры болып тағайындалды. СҚМУ-не 7 жыл бойы басшылықеткен кезде бұл еліміздегі және одан тысқары жердегі ең үздік жоғары оқу орны болды. 2002 жылы Ғ.Мұтанов ҚР-ның Бірінші білім және ғылым вице-министрі лауазымында жұмыс істеді, оның басшылығымен Білім мен ғылымды дамыту тұжырымдамасының негізі қаланып, оны ең басым бағыттарда іске асыру бойынша жақсы нәтижелер көрсетілді. 2003 жылғы шілде айында - Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің ректоры болып тағайындалды. Инновация, білім сапасы, әлемдік білім кеңістігімен бірігу - бұл бағыт университет үшін басты бағыт болыпқалыптасты. Жоғары оқу орнында қысқа мерзім ішінде сындарлы инновациялық қайта құру жүргізілді, бұл бүкіл аймақтың инновациялық дамуына тиімді әсерін тигізді. Елімізде алғаш рет университет негізінде «Алтай» аймақтық ғылыми-технологиялық паркі құрылып, жұмыс істеуде. Инновациялық жоғары оқу орынның «Университет - Технопарк» моделі еліміздегі жоғары оқу орындарын иновациялық жоғары оқу орындары етіп қайта түрлендіру негізі деп танылды.

Ғ.Мұтанов 10 халықаралық академиялардың академигі болып табылады, ол әлеуметтік-экономикалық үдерістер аясындағы тақырыптарға жазылған 400-ден артық ғылыми жарияланымның, соның ішінде 10 монографияның, оқулықтардың, оқу құралдарының, әдістемелік әзірлемелердің авторы, бұлар АҚШ, Чехия, Швеция, Германия мен Швейцарияда басып шығарылған; сондай-ақ 35-тен астам патенттің, өнертабыстардың авторы. Ол жасанды ақыл-парасатты, сараптама жүйелерін қолдану негізінде техникалық және әлеуметтік-экономикалық салалардағы математикалық үлгілеу және басқару жөніндегі ғылыми мектебін құрды. IGIP халықаралық инженерлік педагогика қоғамы Орталық Азия бөлімшесінің президенті және мониторинг комитетінің мүшесі (Швейцария), Халықаралық инженерлік білім федерациясындағы (IFEES) Қазақстандық қоғамның (KazSEE) президенті, UNESCO білім берудегі ақпараттық технологиялар институтының басқарушылар кеңесінің мүшесі (Париж), ол «Техникалық жоғары оқу орнының еуропалық оқытушысы» атағының, Республика ғылымын дамытуға елеулі үлес қосқан және де Қазақстан үшін басым бағыттар бойынша ғылыми зерттеулерді белсене жүргізетін әйгілі ғалымдарға арналған ҚР ҰҒА грантының иегері болып табылады. Ғ.Мұтанов Халықаралық библиографиялық орталықтың күміс медалімен (Кембридж), "The United Europe" алтын медалімен (Оксфорд) марапатталған. Ол Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері, "Парасат" орденімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» мерекелік медалдерімен, «ҚР Президентінің ерекше белгісі», «Қазақстан Республикасының халыққа білім беру үздігі», «Қазақстан Республикасының құрметті білім беру қызметкері», «ҚР-ның құрметті инженері» төсбелгілерімен марапатталды.

Ғ.М.Мұтанов «Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, «Ұлттық инновациялық қор» АҚ қоғамдық консультациялық кеңесінің төрағасы, «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының облыстық саяси кеңесінің мүшесі, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының бюджет және экономика жөніндегі комиссиясының төрағасы болып табылады. КСРО-ның дзюдо күресі бойынша спорт шебері, ҚР-ның еңбек сіңірген спорт қайраткері, Шығыс жекпе-жек күресі қауымдастығының вице-президенті.

2010 жылы 7 қазанда Мемлекет басшысының Өкімімен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры болып тағайындалды.

48 жыл бұрын (1966) Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының судьясы ӘБДІРАХМАНОВ Серік Ахашұлы дүниеге келді.

Сенаттың 2014 жылғы 30 мамырдағы № 402- V СП қаулысымен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы болып сайланды

Судья қызметіндегі еңбек өтілі 15 жылдан асады.

36 жыл бұрын (1979) спорт шебері, ауыр атлетикадан Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы АХМЕТОВ Бақыт Бейсенбекұлы дүниеге келді.

Оңтүстік Қазақстан облысында туған. 2000-2003 жылдары Бусан қаласында өткен ХІV Азия ойындарының чемпионы, Дүниежүзілік универсиада біріншілігінің жеңімпазы, Мәскеуде өткен халықаралық турнирдің қола жүлдегері болған. 2003 жылы жұлқи көтеруден Әлемдік рекордты жаңартқан. 2004 жылы Афины қаласындағы, 2008 жылы Бейжіңдегі Олимпиада ойындарына қатысқан.

170 жыл бұрын (1845-1923) неміс физигі, Нобель сыйлығының лауреаты РЕНТГЕН Вильгельм Конрад дүниеге келді.

88 жыл бұрын (1927-2007) көрнекті музыкант және дирижер РОСТРОПОВИЧ Мстислав Леопольдович дүниеге келді.

5 2 жыл бұрын (1963) американдық режиссер Квентин ТАРАНТИНО дүниеге келді.

Соңғы жаңалықтар