05:37, 27 Наурыз 2015 | GMT +5
27 наурызда Қазақстанның көп аймақтарында тұрақсыз ауа райы сақталады - Қазгидромет
АСТАНА. ҚазАқпарат - Республиканың басым бөлігінде фронтальды ауа ағымының өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде жауын-шашын, бұрқасын, көктайғақ болып, желдің күшеюі күтіледі. Оңтүстікте, оңтүстік-батыс пен оңтүстік-шығыста кей аудандарда жауын-шашын болмайды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Кей жерлерде тұман түседі.
Ақмола, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, желдің 15-20 м/с дейін күшеюі күтіледі. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді. Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, желдің екпіні 18 м/с дейін жетеді. Павлодар облысында кей жерлерде көктайғақ болып, желдің күші 15-20 м/с жетеді, жаяу бұрқасын соғады.