27 желтоқсан күні Қазақстанда өтетін маңызды шаралар аңдатпасы
АСТАНА. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 27 желтоқсан күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.
10.00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді. Күн тәртібінде кәріз тазарту құрылыстарын салу және жаңғырту мәселелері, әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің тиімділігін арттыру, ҚР Үкіметінің 2022 жылға арналған заң жобалау жұмыстары жоспарының орындалу барысы және ҚР Үкіметінің 2023 жылға арналған заң жобалау жұмыстары жоспарының жобасы қаралады.
12.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттінің 2022 жылғы монополияға қарсы шаралары» атты баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының Бірінші орынбасары Ахметов Рустам Нұрланұлы; ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының орынбасары Самбетов Болат Қуанышбекұлы; БҚДА Электроэнергетика және көмір басқармасының жетекшісі Жүніс Сәкен Рысқұлбекұлы. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz
13.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Балалар жылының қорытындысы: ана мен баланы әлеуметтік қолдау» атты баспасөз мәслихаты өтеді. Спикер: ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-минстрі Сағындықова Назгүл Ерікқызы. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz
17.00-де «Астана Опера» театрында «Қалқаман – Мамыр» опера-балетінің премьерасына орай баспасөз жиыны өтеді.
19.00-де «Астана Балет» театрында «Щелкунчик» балеті ұсынылады.