28 ақпан. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

АСТАНА. 28 ақпан. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2014 жылғы 28 ақпанға арналған күнтізбесін ұсынады.

28 ақпан. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

28 АҚПАН, ЖҰМА

Ауғанстан Республикасының Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні (1919). Қазақстан Республикасы мен Ауғанстан Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылы ақпанның 12-інде орнатылды.

Калевала халық эпосы күні (Финляндия). 1835 жылы Фин әдебиет қайраткері Элиос Леннрот жинап жариялаған карел-фин эпосы мен мәдениетінің «Калевала» мерекесі ретінде атап өтіледі.

«Невада-Семей» халықаралық антиядролық қозғалыс күні. 1989 жылдың ақпанындағы екі жарылыстан кейін (12 және 17 ақпан) қазақстан Жазушылар одағына мыңға жуық жастар жиналды. Митингте алғашқы антиядролық қозғалыс құрылды. Оған тарихтағы ең үлкен ядролық қарудың сынағы өткен екі қаланың атауы берілді.

Тайвандағы ұлттық еске алу және бейбітшілік күні. 1947 жылғы «228 оқиға» деген атауға ие болған үкіметке қарсы қозғалыста қаза тапқандарды еске алу күні. Ел президенті мен басқа да лауазымды тұлғалар мемориалды алаңдағы қоңырауды соғып, қаза тапқандардың отбасыларының алдында бастарын иіп, құрмет көрсетеді.

Сирек кездесетін аурулар күні. Жыл сайын ақпан айының соңғы күні аталып өтіледі. Оның мақсаты сирек кездесетін аудуралр туралы халыққа ақпаратты кеңінен таратып, оны емдеуге қолжетімділікті арттыру болып табылады. 2008 жылы Сирек кездесетін ауруларды зерттеуді ұйымдастыру бойынша еуропалық ұйымның (EURORDIS) бастамасымен белгіленген.

Араб елдеріндегі ұстаздар күні. Азия мен Африканың он бір араб мемлекетінде тойланатын мереке. Олар: Марокко, Алжир, Тунис, Ливия, Мысыр, Иордания, Сауд Арабиясы, Йемен, Бахрейн, Біріккен Араб Әмірліктері және Оман мемлекеті.

Үндістандағы ұлттық ғылым күні. 1928 жылы белгілі үнді физигі Чандрасекхар Венкат Раманның Раман әсерін (комбинациялық жарықтың шашырауы) ашуына орай Үндістанда жыл сайын аталып өтілетін мереке.

Бразилиядағы Рио карнавалы күні. Бұл мерекенің күні жыл сайын өзгеріп отырады. Негізінен ол Пасха күнімен байланысты. Карнавал ресми түрде аталмыш діни мереке кезінде басталып, жұмадан басталып, төрт күнге созылады.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

60 жыл бұрын (1954) Қостанайға жас тың игерушілердің алғашқы легі келіп жетті.

1 7 жыл бұрын (1997) Қазақ мемлекеттік университетінде «Ана тілі» баспасынан жарық көрген «Елбасы» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.

1 2 жыл бұрын (2002) Алматыда Орта Азия мемлекеттерінің басшылары Орта Азия ынтымақтастық ұйымын құру туралы келісімге қол қойды.

9 жыл бұрын (2005) К.Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрында жазушы Ілияс Есенберлиннің 90 жылдық мерейтойына арналған «Алмас қылыш» атты еске алу кеші өтті. Жазушы І.Есенберлин (1915-1983) кеңестік дәуірдің цензуралық қыспағын, идеологиялық кедергілерін көп көрсе де, ұлт намысы үшін қазақ әдебиетіне тарихи тақырыптарда жазылған танымды шығармаларымен мол үлес қосты.

8 жыл бұрын (2006) Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасында Ресейді зерттеу орталығы ашылды.

Жоба Ресейдің тұңғыш Президенті Борис Ельцин қоры мен Ресей Федерациясы Кинематография және мәдениет жөніндегі федералдық агенттігінің бастамасымен қолға алынып отыр. Бұл орталық Ресей мемлекеті мен оның халқы, заңдары, мемлекеттік құрылымы, кәсіпкерлік, тарихы, ғылымы және өнері мен мәдениеті туралы мәліметтер таратып, екі ел арасындағы қарым-қатынасты дамытуға қызмет етпек. Бүгінгі таңда еліміздің бас кітапханасында Қытай, Үнді, Иран мәдени орталықтары жұмыс істеуде.

8 жыл бұрын (2006) Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасында Орталық Азиядағы 5 мемлекетте Кеңестер Одағы кезінде түсірілген фильмдермен қатар, соңғы 10-15 жылда көрермендер назарына ұсынылған туындылар қоса жазылған DVD жинағының таныстырылымы болды. Мұнда Орталық Азия елдерінде түсіріліп, халықаралық байқауларда жүлделі орындарға ие болған 20-ға жуық көркем фильм 10 DVD дискіге бөлініп жазылған. Ал Қазақстан жағынан Шакен Аймановтың «Атамекені» мен Серік Апрымовтың «Ақсу» көркем фильмі енгізілсе, Қырғызстан мен Өзбекстанда түсірілген фильмдер ішінен «Күрделі асу», «Бескемпір», «Сен - жетім емессің», «Оратор», «Келін», «Хасан арбакеш» секілді туындылар басылыпты.

7 жыл бұрын (2007) Иерусалимде (Израиль мемлекеті) Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіруі жөнінде екі жақты келіссөздер өтті.

7 жыл бұрын (2007) Астанада Сапар Ысқақовқа балалар-жасөспірімдер туризмі және өлкетану халықаралық Академиясының академигі атағын беру салтанатты рәсімі өтті. Сапар Ысқақов танымал саяхаттанушы, көне өркениет жерлерінде, және әлемнің 100-ден астам елінде болған. Пасхи және Жаңа Гвинея аралында болды. Көптеген халықаралық және үкімет сыйлықтарының иегері.

5 жыл бұрын (2009) Павлодарда «ЭКО» баспасынан «Баянауыл - аңыздар елі» деп аталатын жаңа кітап жарық көрді. Көркем безендірілген кітап беттерінен оқырман Қазақстанның табиғаты ғажайып өлкесі туралы көптеген қызықты мағлұмат алады. Мұнда өлкедегі ежелгі таулар мен көлдер туралы аңыздар жинақталған, ұлттық саябақтың жануарлар дүниесі мен өсімдіктері туралы материалдар берілген, ауданның даму кезеңдері баяндалған. Кітап беттерінде Баянауыл жерінде дүниеге келген қазақтың атақты ғалымдарының, ақындарының, көрнекті қайраткерлерінің өмірбаяндары жарияланған. Көпшілікке арналған кітап бұдан жүз жыл бұрын түсірген Дмитрий Багаевтың тарихи фотосуреттерімен, Александр Пархоменконың Баянауыл табиғатын кескіндеген суреттерімен айшықталған.

3 жыл бұрын (2011) ҚР Үкіметі мен Қызыл ай халықаралық комитеті ҚАХК-ның Қазақстан аумағында қызметін реттейтін келісімге қол қойды.

3 жыл бұрын (2011) Қазақстан елшілігінің командасы Өзбекстанда дипломатиялық корпустардың арасында өткен шахмат турнирінде

1 жыл бұрын (2013) ҚР Президенті Н.Назарбаев Кишинев қаласында Қазақстан Республикасының бас консулдығын ашу туралы Жарлыққа қол қойды.

1 жыл бұрын (2013) Қазақстан Президентінің «Болашақ» халықаралық степендиясына 20 жыл толды.

1 жыл бұрын (2013) Алматыда «IT-Планета» олимпиадасының аймақтық туры басталды.

1 жыл бұрын (2013) Алматыда Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайында ҚР Халық суретшісі Әубәкір Ысмайловтың 100 жылдығына орай «Әлем көшпенділер суретімен» атты көрме ашылды.

92 жыл бұрын (1922) Мысыр Ұлыбританиядан тәуелсіздігін алды.

79 жыл бұрын (1935) «DuPont» америкалық компаниясының зертханасының бас химигі Уоллес Карозерс бірінші рет 66-монополимер синтезін жасап, оны нейлон деп атады.

74 жыл бұрын (1940) КСРО-да Владимир Павлович Фёдоров әлемде алғашқы болып сұйық-реактивтік двигателі бар зымыранымен ұшты.

63 жыл бұрын (1951) Лайнус Поллинг пен Роберт Кори ақуыздың екінші құрылымдық формасының теориясын негіздеді.

58 жыл бұрын (1956) АҚШ-та компьютерге арналған желілік кабельдер патенттелді.

16 жыл бұрын (1998) состоялся первый полет америкалық стратегиялық барлаушы ұшқышсыз RQ-4 Global Hawk ұшу аппараты алғашқы сынақтан өтті.

7 жыл бұрын (2007) Қытайдағы ғылыми жұмыстың нәтижесінде робот-жануар жасалды. Көгершіннің миына электронды чмп орнатылып, соның көмегімен зерттеушілер құсты басқарды.

4 жыл бұрын (2010) Ванкувердегі Би-Си Плэйс стадионында Олимпиада ойындарының жабылу салтанаты өтті.

ЕСІМДЕР

16 8 жыл бұрын (1846-1945) ұлы ақын, жырау, жыршы, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты ЖАБАЕВ Жамбыл дүниеге келді. Жамбыл облысы Жамбыл тауының етегінде туған. Ол жасынан өлең-жырға қанып өскен, өз анасы Ұлданның ақындық талантын бойына сіңірген, «Менің пірім - Сүйінбай...» деп Жамбылдың өзі жырға қосқандай, Сүйінбай Аронұлы сияқты жыр даңғылынан тәлім-тәрбие алған. Жамбыл 1919 жылы Жетісу халық ақындары бас қосқан слетке қатысты. 1934 жылы республикалық өнер шеберлерінің тұңғыш слетінде жыр толғап, тағы бір көзге түсті. «Замана ағымы», «Белсенділерге», «Қазақстан тойына», «Жастар алдындағы сөз» сияқты арнау, толғаулары осы тұста жырланды. Оның үздік шығармалары 40-тан астам шет елдер тілдеріне аударылды. Ұлы жырау қазақ халқын, оның поэзиясын бүкіл әлемге жария етті. 1938 жылы Жамбылдың шығармашылық өнерінің 75 жылдығын тойлағанда, оған әлемнің әр түкпірінен құттықтаулар келді. Ромен Роллан, Мартин Андерсен, Нексе, Катарина Сусанна Причард сияқты атақты суреткерлер Жамбыл поэзиясына өте жоғары баға берді. Жамбыл туралы жүздеген өлең-жырлар жазылды. 20-ғасырдағы халық ақындарына Жамбылдың әсері өте зор болды. Бұл қатарда Кенен Әзірбаев, Үмбетәлі Кәрібаев, Әбдіғали Сариев, Нартай Бекежанов, Доскей Әлімбаев, Саяділ Керімбеков, Орынбай Тайманов сияқты белгілі импровизаторлар бар. 1941 жылы Сталиндік (кейін КСРО Мемлекеттік) сыйлығының лауреаты атанған. 1-ші сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, КСРО және Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі болды. Жамбылдың есімі Қазақстанның бір облысына, бірнеше аудандарға, бірқатар елді мекендерге, мекемелер мен оқу орындарына, өнер ордаларына, мектептерге, көшелерге берілген. Қазақ халқы Жамбылдың 100 жылдық, 125 жылдық, 150 жылдық, 160 жылдық тойларын халықаралық деңгейде салтанатты түрде атап өтті. Жалпы, ақынның шығармалары дүние жүзінде қырықтан астам тілге аударылған.

165 жыл бұрын (1849-1932) қазақ ақыны БАЙЗАҚОВ Мұсабек дүниеге келді.

Ол замандастары Мәделіқожа, Майлықожа, Құлыншақ сияқты ақындардың үлгісін өзіне өнеге тұтып, ақындық жолын қуған. Жас Мұса әуелі әкесі ұстаған молдадан хан таныса, өсе келе Қарнақ қыстағындағы молда Қозы деген кісі ашқан дін мектебіне түсіп оқиды. Бірақ, схоластикалық дін оқуын қанағат тұтпай кетіп қалады да, өз бетінше білім алуға кіріседі. Шағатай, араб, парсы, түркі тілдес туысқан елдердің әдебиетімен танысады. Мұса өлеңдерінің ішінен махаббат, табиғат лирикаларын, әлеуметтік мәні зор толғауларды, көптеген мысалдар мен айтыс жырларын кездестіруге болады.

103 жыл бұрын (1911-1991) ғалым, жылқы түлігі жөніндегі білікті маман, ауыл шаруашылығы ғылымының кандидаты, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты БЕЛЯЕВ Александр Иванович дүниеге келді. Ресей Федерациясының Иркутск облысында туған. Мәскеу зоотехникалық-малдәрігерлік институтын бітірген. 1938-1943 жылдары - № 52 Ембі жылқы зауытының бас зоотехнигі. 1945-1956 жылдары - Орал, Алматы, Қостанай облыстарындағы жылқы зауытарының бас зоотехнигі. 1956-1964 жылдары - Мұғалжар ауданы «Ембі» кеңшарының, 1964-1979 жылдары - Ақтөбе ауыл шаруашылығы тәжірибе стансасының директоры. Ол 1969 жылы «Қазақтың «Жабы» тұқымдас жылқысын жақсартудың әдістері мен нәтижелері» атты диссертация қорғады. Жаңа «Көшім» жылқы тұқымын шығарып, оны халық шаруашылығына ендіргені үшін оған бір топ ғалымдармен бірге Қазақ КСР-інің Мемлекеттік сыйлығы берілді. «Барқыт», «Зубр» және «Қайыңды» атты зауытты бағыттағы жылқы түрлері авторларының бірі. Оның қазақтың «Жабы жылқысы» кітабы және 60-тан астам ғылыми зерттеу мақалалары бар. Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі», ІІ дәрежелі Отан соғысы ордендерімен және медальдармен марапатталған.

9 6 жыл бұрын (1918-1975) композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі КӘРІМБАЕВ Садық дүниеге келді. Павлодар облысының Баянауыл ауданында туған. Бала күнінде шешекпен ауырып, екі көзінен айырылған. Жасынан ән айтып, сырнай тартқан, өзі де ән шығарған. Қазақтың белгілі сал-серілері, әнші-ақындарынан тәлім алған. Әндерінің тақырыбы сан алуан. Оның «Жетісу», «Кешкі Алматы», «Жаңаарқа», «Сауыншы жеңгей», «Жылқышы қыз», «Шаттанамын еңбектің ерлеріне», «Жорық», «Аттаныс», «Сүйген сәулем Ақеркем», «Күтем сені», «Ақтамақ», «Ақ тотым», «Айлы түнде», т.б. туындылары бар. Сондай-ақ композитор вальс жанрының («Жамбыл жастарының вальсі», «Қапшағай вальсі») дамуына да үлес қосқан.

8 6 жыл бұрын (1928-1990) актриса, Қазақстанның халық әртісі РУЖЕВА Алтын Ибрагимқызы дүниеге келді. Ақтөбе облысында туған. Алматы киноактерлер мектебін бітірген. Ақтөбе музыкалық драма театрында, Жамбыл облыстық драма театрында қызмет жасаған. 1979-1981 жылдары Атырау драма театрының директоры болған. 1982 жылдан өмірінің соңына дейін Талдықорған облыстық драма театрында алуан түрлі рөлдерді сомдаған. Олардың қатарында Айман, Еңлік (М.Әуезов «Айман - Шолпан», «Еңлік - Кебек»), Ақтоқты (Ғ.Мүсірепов «Ақан сері - Ақтоқты»), Қарашаш (Ш.Құсайынов «Алдар көсе»), Толғанай (Ш.Айтматов «Ана - Жер ана») т.б рөлдері бар. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

70 жыл бұрын (1944) «Сымбат» сән бизнесі академиясының президенті-ректоры, экономика ғылымдарының кандидаты, өнертану доценті, техникалық ғылымдардың докторы, ҚР Ұлттық инженерлік академияның мүше-корреспонденті, Жетісу ауданының құрметті азаматы АСАНОВА Сабыркүл Жайлаубекқызы дүниеге келді. Жамбыл облысының Мерке ауданында туған. Мәскеу тоқыма институтының механика-технология факультетін бітірген (1969). Мәскеу «Трикотажница» фабрикасында инженер (1969-1972), Алматы қаласындағы «Алмагүл» фабрикасының бас инженері (1972-1984),«Қазақстан» фирмасының директоры (1984-1986), Қалалық туристік басқармасының бастығы (1986-1990), 1990 жылдан «Сымбат» сән академиясының президенті, ал 1998 жылдан «Сымбат» сән бизнес академиясының ректоры. Алғашқы халықаралық арулар байқауын, ұлттық киімдердің жоғары сән конкурсын, жас модельерлер конкурсын, семинарлары мен ғылыми-практикалық конференциясын ұйымдастырушы. Мемлекеттік рәміздерді: ҚР Мемлекеттік жалауы мен ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жеке штандартын жасап, өндіріске енгізді, қазақ ұлттық киім үлгілерінің түлеуіне атсалысты, 80-нен астам еңбектердің авторы. Халықтар достығы орденімен, бірқатар медальдармен, халықаралық наградалармен марапатталған. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

6 1 жыл бұрын (1953) Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваторияның дирижерлік және композиция кафедрасының доценті, танымал дирижер, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі «Жігер» фестивалінің, І республикалық дирижерлер байқауының лауреаты БЕГЕНДІКОВ Жалғасбек Әмірханұлы дүниеге келді. Маңғыстау облысында туған. Алматы консерватоиясын Ш.Қажығалиевтің сыныбында бтірді. Қазақ ұлттық аспаптар оркестрінде жұмыс жасады, 1978 жылдан осы оркестрдің дирижері, Алматы консерваториясының оқытушысы, консерваторияның аспаптар оркестрінің жетекшісі болды. «Отырар сазы» фольклорлық ансамблінің дирижері қызметін атқарды. ТМД-да, Франция, Дания, Қытай елдерінде гастрольдік сапарда болды.

5 3 жыл бұрын (1961) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы АНАРҚҰЛОВ Марат Әбдешұлы дүниеге келді. Жамбыл облысында туған. Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтын бітірген. Еңбек жолын «Ілесуқұрылыс» трестінің шебері болып бастаған. 1984-1989 жылдары - Қазақстан ЛКЖО Свердлов аудандық комсомол комитетінің нұсқаушысы, кеңшардың Машина-трактор жөндеу мекемесінің меңгерушісі, Қазақстан ЛКЖО Свердлов аудандық комсомол комитетінің бөлім меңгерушісі. 1989-1992 жылдары - Свердлов аудандық салық комитетінің инспекторы, Свердлов аудандық атқару комитетінің жетекші маманы. 1992-1993 жылдары - Свердлов аудандық әкімшілігінің бөлім меңгерушісі, аға маманы. 1993-1995 жылдары - Жамбыл аумақтық мемлекеттік мүлік комитеті жекешелендіру бөлімінің меңгерушісі, бас маманы. 1995-1998 жылдары - Тараз қаласындағы коммунальдық меншік басқармасы бастығының орынбасары, Жамбыл облысы әкімі аппаратының Іс басқарушысының орынбасары. 1998-1999 жылдары - Жамбыл облысы әкімінің көмекшісі. 1999-2001 жылдары - Жамбыл аумақтық мемлекеттік мүлік комитетінің бөлім меңгерушісі, аға маманы. 2001-2009 жылдары - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің бас инспекторы, сектор меңгерушісі, консультанты қызметтерін атқарған. 2009 жылдың қыркүйек айынан - қазіргі қызметінде. Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен марапатталған.

5 1 жыл бұрын (1963) ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің қорғныс және құқық тәртібі бөлімінің меңгерушісі ФЕДОРОВ Олег Анатольевич дүниеге келді. Алматы қаласында туған. КСРО Ішкі істер министрлігінің Қарағанды жоғары мектебін бітірген, заңгер. Еңбек жолын ішкі істер органдарындағы қатардағы жедел уәкіл қызметінен бастап, бірқатар басшылық қызметтерде жұмыс жасап, Қазақстан Республикасының Іішкі істер вице-министрі лауазымына дейінгі жолдан өтті. Қазіргі қызметінде - 2009 жылғы маусымнан бері. ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған.

6 7 жыл бұрын (1947) кеңесік және ресейлік театр және кино актрисасы, Ресей халық әртісі ВАСИЛЬЕВА Татьяна Григорьевна дүниеге келді.

5 4 жыл бұрын (1960-1980) канадалық модель және акриса Дороти СТРЭТТЕН (шын аты-жөні Дороти Рут Хугстрэйтен) дүниеге келді.

50 жыл бұрын (1964) Алматы қаласының прокуроры АСЫЛОВ Берік Ноғайұлы дүниеге келді. Ол Жамбыл облысында дүниеге келген. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдаған (1991 жыл). Мамандығы - заңгер. Еңбек жолын Алматы қаласы Алатау ауданының прокуратурасында тергеушінің тағылымдамашысы ретінде бастады. Бас прокуратурада тергеуші, Бас прокуратураның жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау жөніндегі бөлім бастығы, Шымкент қаласының прокуроры, Оңтүстік Қазақстан облысы прокурорының бірінші орынбасары, Батыс аймақтық көлік прокуроры, Ақтөбе облысының прокуроры, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары лауазымдарында қызмет істеді. 2011 жылдың 2 қыркүйегінде Мемлекет басшысының келісімі бойынша Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығымен Алматы қаласының прокуроры лауазымына тағайындалды. 3-ші дәрежелі мемлекеттік әділет кеңесшісі. «Ерен еңбегі үшін» медальмен, «Астананың 10 жылдығы» және «Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі үлесі үшін» мерейтойлық медальдарымен марапатталған.