28 ақпан. Тұлғалар туған күн

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 28 ақпан күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.
None

ЕСІМДЕР

17 7 жыл бұрын (1846-1945) ақын, жырау, жыршы Жамбыл ЖАБАЕВдүниеге келген.

Қазіргі Жамбыл облысы Жамбыл тауының етегінде туған. Жасынан өлең-жырға қанып өскен, өз анасы Ұлданның ақындық талантын бойына сіңірген, «Менің пірім - Сүйінбай...» деп Жамбылдың өзі жырға қосқандай, Сүйінбай Аронұлы сияқты жыр даңғылынан тәлім-тәрбие алған. Жамбыл 1919 жылы Жетісу халық ақындары бас қосқан слетке қатысты. 1934 жылы республикалық өнер шеберлерінің тұңғыш слетінде жыр толғап, тағы бір көзге түсті. «Замана ағымы», «Белсенділерге», «Қазақстан тойына», «Жастар алдындағы сөз» сияқты арнау, толғаулары осы тұста жырланды. Оның үздік шығармалары 40-тан астам шет елдер тілдеріне аударылды. Ұлы жырау қазақ халқын, оның поэзиясын бүкіл әлемге жария етті. 1938 жылы Жамбылдың шығармашылық өнерінің 75 жылдығын тойлағанда, оған әлемнің әр түкпірінен құттықтаулар келді. Ромен Роллан, Мартин Андерсен, Нексе, Катарина Сусанна Причард сияқты атақты суреткерлер Жамбыл поэзиясына өте жоғары баға берді. Жамбыл туралы жүздеген өлең-жырлар жазылды. ХХ ғасырдағы халық ақындарына Жамбылдың әсері өте зор болды. Бұл қатарда Кенен Әзірбаев, Үмбетәлі Кәрібаев, Әбдіғали Сариев, Нартай Бекежанов, Доскей Әлімбаев, Саяділ Керімбеков, Орынбай Тайманов сияқты белгілі импровизаторлар бар. 1941 жылы Сталиндік (кейін КСРО Мемлекеттік) сыйлығының лауреаты атанған. І сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, КСРО және Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі болды. Жамбылдың есімі Қазақстанның бір облысына, бірнеше аудандарға, бірқатар елді мекендерге, мекемелер мен оқу орындарына, өнер ордаларына, мектептерге, көшелерге берілген. Қазақ халқы Жамбылдың 100 жылдық, 125 жылдық, 150 жылдық, 160 жылдық тойларын халықаралық деңгейде салтанатты түрде атап өтті. Биыл Қазақстан халқы Жамбылдың 175 жылдық меерйтойын кең ауқымда атап өтеді. Мерейтойлық іс-шаралардың жалпыреспубликалық жоспарына сәйкес, биыл республика бойынша 500-ге жуық әлеуметтік, имидждік, ғылыми, танымдық іс-шаралар өткізіледі. Бұдан бөлек, ақын өмірінен деректі фильм түсіру, өлеңдерінің жаңа жинақтарын шығару, айтыстар мен әдеби конкурстарды, кітап көрмелерін ұйымдастыру, мерейтойлық монета, пошта маркасын әзірлеу және басқа да шаралар өткізу көзделіп отыр.

60 жыл бұрын (1963) Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының Заңнама, қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімінің меңгерушісі Олег Анатольевич ФЕДОРОВ дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебін бітірген (1984), заңгер.

1984 жылдан - Семей қаласы Киров аудандық ІІБ СМТСҚКБ жедел өкілі, аға жедел өкілі. 1988 жылдан - Семей қалалық атқару комитетінің ІІБ аға жедел өкілі. 1991 жылдан - Семей қаласы Ленин аудандық атқару комитетінің ІІБ СМТСҚКБ бастығының орынбасары. 1992 жылдан - Семей облысы ІІБ КМБ жанындағы қаржылық-шаруашылық қызмет саласындағы қылмыстарға қарсы күрес жөніндегі ауданаралық бөлімнің бірінші бөлімшесінің аға жедел өкілі. 1993 жылдан - Семей қалалық ІІБ Ленин ауданының АІІБ экономикалық қылмыстарға қарсы күрес жөніндегі бөлімше бастығы. 1995 жылдың сәуір айынан - Семей ҚІІБ ЭҚҚКБ бастығы. 1995 жылдың желтоқсан айынан - Семей қаласы бойынша МТК Орталық бөлімінің экономикалық қылмыстарға қарсы күрес жөніндегі белімшесінің бастығы. 1996 жылдан - Семей қаласының Орталық ауданы бойынша МТК бастығының орынбасары; Семей облысы бойынша МТКБ бастығының орынбасары. 1997 жылдан - ҚР ІІМ Криминалдық барлау бас басқармасы бастығының орынбасары - бірінші (жедел) басқарма бастығы. 1999 жылдан - ҚР ІІМ 10-шы департаменті бастығының орынбасары - бірінші (жедел) басқарма бастығы. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі 9-басқармасының орынбасары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы (2000-2001); Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті «Р» басқармасы бастығының орынбасары (2001); Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі 6-шы басқарма бастығының орынбасары, «Р» басқармасының бастығы (2001-2002); Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары, «Р» бөлімінің бастығы (2002-2004); Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі «Р» (қылмыстық барлау) басқармасының бастығы (2004-2006); Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі 10-басқармасының бастығы (2006-2008); Қазақстан Республикасы Ішкі істер вице-министрі (2008-2009); Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің қорғаныс және құқық тәртібі бөлімінің меңгерушісі (2009-2013); Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі (2013-2016); Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасарының кеңесшісі (2016-2019); Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Қорғаныс және құқық тәртібі бөлімінің меңгерушісі (2019-2023).

Қазіргі қызметін 2023 жылғы ақпаннан бері атқарып келеді.

59 жыл бұрын (1964 ) Қазақстан Республикасы Бас прокуроры Берік Ноғайұлы АСЫЛОВ дүниеге келді.

Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Бірлік ауылында туған. 1991-1992 жылдары Алматы қаласы Алатау ауданы прокуратурасының тағылымдамашысы, 1992 жылдың 17 наурызында Алатау аудан прокурасының аға тергеушісі қызметін атқарған. 1993 жылы Бас прокуратура тергеушісі, аға тергеушісі, 1995-1996 жылдар аралығында Алматы әуе көлік прокурорының орынбасары болды. 1996 жылдың сәуірі мен желтоқсаны аралығында Мемлекеттік тергеу комитеті, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қорғаныс министрлігінің әскери барлау қызметінде, Президент күзеті қызмет органдарында жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау бойынша бөлім бастығы лауазымында қызмет атқарды. 1996 жылдың желтоқсан айында ҚР Бас прокуратурасының жедел- іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау бойынша бөлімінің аға прокуроры болып тағайындалды. Сол жылы аталған бөлімнің бастығы лауазымына ұсынылып, онда 2001 жылға дейін қызмет етті. 2001 жылдың қаңтарынан 2003 жылдың сәуіріне дейін Шымкент қаласының прокуроры, 2003-2005 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы прокурорының орынбасары, 2005-2006 жылдары облыс прокурорының бірінші орынбасары қызметтерін атқарды. 2006-2008 жылдары Батыс аймақтық көлік прокуроры, 2008 жылдың наурызынан 2010 жылдың маусымына дейін Ақтөбе облысының прокуроры болды. 2010 жылдың маусым айынан 2011 жылға дейін - Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары. 2011-2017 жылдары - Алматы қаласының Бас прокуроры. 2017-2019 жылдары – Солтүстік Қазақстан облысының прокуроры. 2019-2022 жылдары - Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары.

Қазіргі қызметінде 2022 жылдың наурыз айынан бастап.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Астананың 10 жылдығы» мерейтойлық медалімен және «Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі үлесі үшін» медалімен марапатталған. 2011 жылдың мамыр айында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 3 дәрежелі «Мемлекеттік әділет кеңесшісі» шеніне ие болды.

48 жыл бұрын (1975) Қазақстан Республикасы Бас көлік прокуроры СҮЛЕЙМЕНОВ Тимур Қайырбекұлы дүниеге келді.

Ресей Федерациясының Новосібір облысында Куйбышев қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «халықаралық құқық» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1997 жылы Алматы қаласы Алмалы аудандық прокуратурасында Құқықтық статистика және ақпарат орталығында прокурор көмекшісі болып бастаған. 2008-2013 жылдары Алмалы ауданы прокурорының аға көмекшісі, Алматы қалалық прокуратурасында Жедел-іздестіру, тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау жөніндегі басқармасының прокуроры, Алматы қаласы прокурорының бірінші орынбасары қызметтерін атқарды. 2013 жылдың қазан айынан 2017 жылдың тамызына дейін Астана қаласы прокурорының бірінші орынбасары болды. 2017-2021 жылдары Қостанай облысының прокуроры. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының басшысы (2021-2022).

2022 жылдың шілде айынан бастап қазіргі қызметінде.

ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен, «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл», «ҚР Прокуратурасына 20 жыл», «ҚР Конституциясына 20 жыл», «ҚР Прокуратурасына 25 жыл», «Ерен еңбегі үшін», «Мінсіз қызметі үшін» III, II, I дәрежелі медальдарімен; ІІ дәрежелі «Прокуратура озаты», «Прокуратураның құрметті қызметкері» төсбелгілерімен марапатталған.

40 жылбұрын (1983) Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитетінің төрағасы ҚАЗАНБАЕВ Ержан Қалдыбайұлы дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. 2006 жылы Алматы технологиялық университетін, 2008 жылы Абердин университетін (Ұлыбритания) бітірген. Еңбек жолын 2008 жылы «Экспресс Банк» АҚ-ында комплаенс-бақылаушы болып бастаған. 2008-2010 жылдары коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеді. 2010-2012 — ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Инвестициялық саясат департаменті Инвестициялық саясат басқармасының сарапшысының м.а., сарапшы. 2012-2013 жылдары — ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінің Кәсіпкерлікті қаржылай қолдау басқармасының бастығы. 2013 жылы — Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Мемлекет міндеттемелерін басқару және қаржы секторын дамыту саясаты департаменті Мемлекет міндеттемелерін басқарармасының саясат басқармасының басшысы. 2013-2016 жылдары — ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Экономика салаларын дамыту департаменті директорының орынбасары, Астана қ. 2016-2019 жылдары — ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Экономика салаларын дамыту департаментінің директоры. 2019-2020 жылдары — ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісінің орынбасары. 2020-2022 жылдары Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция вице-министрі.

2022 жылдың қаңтар айынан бастап қазіргі қызметінде.


Соңғы жаңалықтар