28 ақпанда Қазақстан жеріне ғарышкерлері бар «Союз» капсуласы қонады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылдың 28 ақпаны күні «Союз МС-06» көліктік басқарылатын кемесінің түсуші аппараты Қазақстан жеріне келіп қонады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

28 ақпанда Қазақстан жеріне ғарышкерлері бар «Союз» капсуласы қонады

Жарты жылға жуық уақытқа созылған ғарыштық вахтадан кейін МКС-53/54 экспедициясының мүшелері - ресейлік ғарышкер Александр Мисуркин, америкалық астронавтар Джозеф Акаба мен Марк Ванде Хай Жерге оралады.

Роскосмостың баспасөз қызметінің мәліметінше, аппарат 28 ақпан күні жергілікті уақыт бойынша таңертеңгі 8.31-де Жезқазған қаласының маңына, далалы жерге қонатын болады.

Жерге түсуші аппараттың қонуы мен космонавтарды эвакуациялау сәтін online.roscosmos.ru сайтынан немесе Роскосмостың ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасынан тікелей көруге болады.