28 қазан. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2015 жылғы 28 қазанға арналған күнтізбесін ұсынады.
None
None

28 қазан. СЕЙСЕНБІ

Халықаралық анимация күні. 1892 жылғы қазанның 28-інде Парижде Эмиль Рейно сиқыршысы көрермендерді осы күнге дейін ешкім көрмеген «оптикалық театр» атты көрінісіне шақырды. Онда талантты өнертапқыш алғашқы рет өзінің праксиноскоп аппаратына көпшіліктің назарын аударды, ол қозғалатын картинкаларды көрсетеді. Сонымен осы атаулы күнді анимация киносы дәуірінің басталуы деп санайды. Халықаралық анимация күні Анимация киносының халықаралық одағында (ASIFA - The International Animated Film Association) 2003 жылы бекітілген және қазір дүниежүзінде аталып өтеді. Чех Республикасының Ұлттық мейрамы - Тәуелсіз Чехословакияның құрылған күні (1918). Чехия - Орталық Еуропада орналасқан мемлекет. Солтүстігінде Польшамен, шығысында Словакиямен, оңтүстігінде Австриямен, батысында Германиямен шектеседі. Астанасы - Прага қаласы. Мемлекеттік тілі - чех тілі. Ақша бірлігі - чех кронасы.

Ресей әскери авиациясының құрылған күні

Бұл күн Ресейде авиация әскерінің құрылғанына бір жыл толуын мерекелеу құрметіне белгіленді: 1948 жылы 28 қазанда тікұшақпен жарақталған алғашқы авиациялық эскадрилья құрылды.

Украинаны фашистік басқыншылардан азат ету күні

Мереке 1944 жылғы Украина аумағын азат етудің бір жылдығына арналды. Мереке ретінде ел Президентінің жарлығына сәйкес 2009 жылы белгіленді.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

62 жыл бұрын (1953) Іле Алатауында алғаш рет өзен су электрстансасы пайдалануға берілді. Оны іске қосқаннан кейін Алматы сарқырамасының қуаты екі есеге өсті.

62 жыл бұрын (1953) Брюссельде Дүниежүзілік жарнама берушілер федерациясы құрылды.

38 жыл бұрын (1977) Көкшетау қаласында Л.Славиннің «Интервенция» қойылымымен Көкшетау облыстық орыс драма театры (2000 жылдан бастап Ақмола облыстық орыс драма театры) ашылды. 23 жыл бұрын (1992) ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ішкі әскері құрылды.

23 жыл бұрын (1992) Қазақстанда тұратын немістердің алғашқы съезі өтті.

17 жыл бұрын (1998) скрипкашы Айман Мұсақожаеваға ЮНЕСКО-ның шешімімен «Әлем әртісі» жоғары атағы берілді. 10 жыл бұрын (2005) Ақтау қаласындағы Жеңіс саябағына Ауғанстанда опат болған жауынгерлерге арналған ескерткіш ашылды. Ескерткішті тұрғызуға облыстық бюджеттен 8 миллион теңге көлемінде қаражат бөлінген. 10 жыл бұрын (2005) ҚР Мемлекеттік орталық мұражайында «Қыз Жібек» эпосына - 500 жыл» атты көрме ашылды. 10 жыл бұрын (2005) Жазушылар үйінің мәжіліс залында Қытай мен Моңғолиядан келген қандастарымыздың бастамасымен жарыққа шыққан «Үн» атты әдеби журналдың таныстырылымы болды. Мұқабасында Көк бөрі мен Ай бейнеленген журналдың алғашқы санында әдебиетке қатысты сыни пікірлер, жас ақындар өлеңі мен жазушылардың әңгімелері, әлем әдебиетіндегі озық туындылардың қазақшаға тәржімаланған нұсқалары жарық көрген.

10 жыл бұрын (2005) Санкт-Петербор қаласында көрнекті совет теннисші, КСРО-ның алғашқы еңбек сіңірген спорт шебері Евгений Кудрявцевтің ескерткіші салтанатты түрде ашылды. Құрбандар зиратында қаңтардың 9-ында спортшының басына «КСРО-ның алғашқы еңбек сіңірген спорт шебері Евгений Кудрявцев, 1934» атты жазуымен көк тас қойылды. Евгений Кудрявцев (1898-1973) - 1928 жылғы Бүкілодақтық спартакиадасының дара чемпионы, КСРО-ның 17-дүркін чемпионы және Ленинград біріншілігінің әр түрлі разрядында 48 дүркін жеңімпазы болды, екі дүркін КСРО Кубогының иегері, атақты Мәскеу - Ленинград мачтардың қатысушы ретіндегі рекорд жасаушы. 1927 жылдан 1938 жылға дейін ол бірнеше рет ең мықты теннисшілердің ондығына кірген және жеті рет оны басқарған. Евгений Кудрявцевтың атымен алғашқы совет теннисшілерінің халықаралық әлем шеберлерімен түйісуі байланыстырылады. Оның корттағы жетістікті кездесулері Эстония, Латвия, Германия, Франция, Бельгия және Чехословакия елдерінде болды. 9 жыл бұрын (2006) Талдықорғанда Үш бәйтерек монументі ашылды. Бұл - қазақ халқының тарихи тұлғалары - Ескелді би, Балпық би және Қабылиса жырауларға арналған ескерткіш. Авторы - Жеңіс Молдабаев.

6 жыл бұрын (2009) Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Біріккен Ұлттар Ұйымының мемлекеттердің және олардың меншігінің юрисдикциялық иммуниттері туралы конвенциясын ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.

4 жыл бұрын (2011) ҚР Ұлттық банкі номиналы 500 теңге «Көшпенділер алтыны» сериясынан «Бұланның басы» күміс монетасын айналымға шығарды.

Күміс монета «Көшпенділер алтыны» сериясының сегізінші монетасы. Оның дизайнына Қазақстан аумағындағы қазба жұмыстары барысында табылған алтын бұйымдардың бейнесі пайдаланылды.

925 сынамалы, салмағы 31,1 грамм, диаметрі - 38,61 мм, дайындау сапасы«proof», таралымы - 5 мың дана.

2 жыл бұрын (2013) Оңтүстік Қазақстан облысында Пушкин атындағы облыстық кітапхана жаңа ғимаратқа көшіп, жаңа атау алды. Ол енді «Отырар» деп аталады.

2 жыл бұрын (2013) Шымкентте «Казмедприбор» кәсіпорнында жергілікті өндірістегі алғашқы рантген-аппарат шығарылды.

Бұл жоба «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында іске асырылып, ҚР ҮИИД МБ Өңірлік картасына енгізілді.

115 жыл бұрын (1900) Парижде бес айға созылған ІІ Олимпиадалық ойындар аяқталды.

8 жыл бұрын (2007) Аргентинада президенттік сайлауда Кристина Фернандес де Киршнер жеңіске жетті. Ол сайлау нәтижесінде билікке келген Аргентинаның алғашқы президенті атанды.

ЕСІМДЕР

122 жыл бұрын (1893-1920) ақын, ағартушы ТОРАЙҒЫРОВ Сұлтанмахмұт дүниеге келді. Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов ауданында туған. 3 жасында шешесі қайтыс болып, 6 жасына дейін әжесінің тәрбиесінде болған. Кейін әкесі екі ұлымен Баянауылға көшіп, Торайғыр кентіне таяу жерге қоныстанған. Торайғыров алғаш әкесінен ескіше хат танып, 13 жасынан Мұқан, Әбдірахман, Тортай деген молдалардан дәріс алды. Өлеңге үйір, шығыстық сюжеттер негізінде жырлар туындатқан Мұқан молда тәлімінің Торайғыровтың ақын ретінде қалыптасуына игі әсері болғанымен, 1908 жылы баянауылдық Әбдірахман молданың қаталдығы, өлең шығарғаны үшін жас қаламгерді жазалауы оның дін мен молдалар жайлы теріс көзқарасының қалыптасуына негіз болған. 1911 жылы жаңаша оқыған Нұралы ұстазының көмегімен қазақ, татар тілдеріндегі әдеби кітаптармен, газет-журналдармен танысады. 1912 жылы Троицкідегі Ахун Рахманқұли медресесіне түседі, бірақ мұнда бір жылдай оқыған ол өкпе ауруының зардабынан оқудан шығып қалады. Торайғыров енді медреседе оқуды қойып, орысша оқу іздейді, қала маңындағы елде жаз бойы бала оқытады. Осы кезден ақыңдыққа ден қойып, «Оқып жүрген жастарға», «Тәліптерге» («Шәкірттерге»), «Ендігі беталыс», «Оқудағы мақсат не?», «Анау-мынау», «Мағынасыз мешіт», «Жарлау», «Досыма хат», «Шығамын тірі болсам адам болып», «Түсімде», «Жазғы қайғы», «Қымыз», «Кешегі түс пен бүгінгі іс», т.б. өлеңдерін, «Зарландым» атты ұзақ очеркін жазды. Осы тұста «Қамар сұлу» романын жазуды бастады. 1913 жылдың күзінде Троицкіге қайтқан Торайғыров «Айқап» журналына жауапты хатшы болып жұмысқа орналасып, «Өлең һәм айтушылар», «Ауырмай есімнен жаңылғаным», «Қазақ тіліндегі өлең кітаптары жайынан», «Қазақ ішіңде оқу, оқыту жолы қалай?», т.б. әңгіме, мақалаларын осы журналда жариялайды. Журналда аз ғана уақыт қызмет еткен ақын 1914 жылы жазда туған елі Баянауылға оралады. Ел ішінде мәдени-ағарту жұмысын жүргізетін «Шоң серіктігі» деген ұйым ашпақ болғанымен, ісі жүзеге аспайды. Осы жылы орысша оқу іздеп Семейге барған Торайғыров діттеген оқуына түсе алмай, біраз дағдарысқа ұшырайды. Осындай көңіл-күй әсерімен «Ләпет бұлты шатырлап», «Алтыаяқ» сияқты өлеңдер жазған. «Ендігі беталыс», «Тұрмысқа», «Бір адамға», «Туған еліме», «Сымбатты сұлуға», «Қыз сүю», «Гүләйім», «Өмірімнің уәдесі», «Жан қалқам», «Гүл», т.б. өлеңдерін, 1915 жылы «Кім жазықты?» атты өлеңмен жазылған романын дүниеге әкелді. Шығыс Қазақстанда жалданып бала оқытқан ол 1916 жылдың күзіне дейін әуелі Қатонқарағайда, кейін Зайсанда болады, орыс тілін үйренеді. 1916-1917 жылдардың қысында Томскіде орысша оқиды. Өмірден көп қағажу көріп қажыған ақын арманына жетіп көңілі көтеріледі. «Шәкірт ойы» өлеңінде «Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болуды», «Мұздаған елдің жүрегін жылытуды» армандайды. Осы тұста әлем әдебиетінің классикалық үлгілерімен, саяси кітаптармен танысты. 1917 жылғы ақпан айындағы төңкерістен кейін Семейде жаңа құрылған Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің жұмыстарына қатынасып, «Алаш ұранын» жариялады. Бірақ ауруы асқынып кеткендіктен оқуды да, жұмысты да тастап, 1918 жылы сәуірде еліне біржола оралады. Онда Колчак үстемдігінен кейін қайта жанданған совдеп жұмысына араласып, ел шаруаларының дау-шарларын әділ шешуге қатынасты. Осы тұста саяси-философиялық әдебиеттерді көп оқып, «Шал мен қызға», «А, дүние», «Жас жүрек», «Сарыарқаның жаңбыры», «Адасқан өмір», «Кедей», «Айтыс», т.б. өлеңдерін жазды. 1907-1911 жылдары оның шәкірттік кезеңдегі өлеңдері көркемдік тұрғыдан кемшін түсіп жатқанымен, жас ақынның қоғамдық құбылыстар мәнін түсінуге деген ұмтылысы мен өлең тілімен сурет салуға бағытталған талабын танытады. Ол қоғамдағы әділетсіздік пен әйелдердің ауыр тағдыры, діни оқудың схоластикалық сипаты жайлы жазды. Байлық пен кедейліктің текетіресін бай мен кедей ұлының өмірі арқылы көрсетуге тырысқанымен, бұл талпынысы биік ақындық талант пен саяси көзқарасты таныта алмады. Торайғыров 1912 жылдан бастау алатын шығармашылығының жаңа кезеңінде Абай, Ыбырай негізін қалаған ағартушылыққа бет бұрды, жастарды оқу-білімге шақырды. «Туған айдай болып туып, күнді алуға бел буады», тұрмысты жеңуде жігерленіп, ақиқатты табу жолында талмай ізденуді мұрат тұтады. Алғашқы үгіт мәндес өлеңдерінен кейін ақын лириканың өрісін кеңейтіп, лирикалық кейіпкердің жан сырын, іс-әрекетін суреттеуге ұмтылады. Оның жырларынан тағдырға мойынсұнбай, қасарыса алға ұмтылатын, ауыртпалыққа қарсы тұрар өжет мінез көрінеді. Осы кезден бастап ақын шығармаларында ескіні сынау бой көтерді. Ол қазақ арасында көп кезігетін келеңсіз мінездер мен кертартпа әдет-ғұрып салтына қарсы күреседі. Табиғат, махаббат тақырыбына жазған өлеңдерінде ақын адам сезімін қоғамдық көзқараспен, әлеумет өмірімен байланыста қарайды. Ескіге қарсы көзқарас оны қоғамдағы әділетсіздікпен қақтығысқа алып келеді («Осы да әділдік пе?», «Бір адамға», т.б.). Ол өмір шындығын көркем бейнелей келе, қазақ өлеңінің мазмұнын кеңейтті, сырға толы лирикалық жырлар туындатты. Көптеген әңгіме, очерктер, әдеби-сын мақалалар жазды, екі роман («Қамар сұлу», «Кім жазықты?»), төрт поэмасын («Таныстыру», «Адасқан өмір», «Кедей», «Айтыс» жариялады. Торайғыров «Қамар сұлуда» әйел теңсіздігі мәселесін көтере отырып, дәуір шындығын әлеуметтік тұрғыда талдаса, «Кім жазықты?» романында ауыл өмірінің шындығын жан-жақты суреттей келе, қазақ халқының шаруашылық тұрғыдан дамымағанын, талапсыздық пен шаруаға қырсыздықты, жалқаулықты, алауыздықты сынайды. Торайғыров поэма жанрын жаңа арнада дамытты. Ол сюжетсіз поэмаларында өмірдегі сан түрлі мәселелерді кеңінен қамтып, өршіл ой-түйіндерін бүкпестен, өткір де ашық насихаттауға тырысты. Алғашқы поэмасы «Таныстыруда» Алашорда қозғалысы өкілдерін елге таныту мақсатын көздеді. Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатовтарды таныстырып, олардың «бірі - күн, бірі - шолпан, бірі - ай» екендігін жазады, алаштықтардың қазақ халқының тәуелсіздігі жолындағы еңбектерін саралайды. Алаш өкілдерімен қоса, қазақтың көрнекті тұлғалары Абай мен Шәкерімді ерекше атап көрсетеді. «Адасқан өмір», «Кедей» поэмаларының негізгі сарыны қоғамдағы әділетсіздік себептерін ашу, теңдікті іздеу болып табылады. Ақын бұл жайларды қазақ ауылы шеңберінен шығып, капиталистік қоғамға тән мәселелер ретінде қозғайды. «Адасқан өмір» - Торайғыров шығармашылығының зор табысы. Мұнда ақын аз ғұмырында көзімен көріп, ойымен түйген, білім-білігімен таныған тұрмыс өткелдерін өзіне ғана тән асқақ үнмен ашына, ақтара жырлайды. Поэманың лирикалық кейіпкері түрлі кәсіппен шұғылданса да, ешбірінен қанағат, теңдік таппай, әділетті қоғамды аңсайды. Шығармада ақын түсінігіндегі болашақ жаңа қоғамның бейнесі жасалады. Шығарманың негізгі идеясы адам өмірді өз тілегіне бағындыра алады және соған ұмтылуға тиіс деген оптимистік қорытындыға саяды. «Кедей» поэмасының бас кейіпкері де өз ортасынан әділдік таппайды, қоғам мен адам арасындағы қайшылықты бітіспес күреске ұластырады. «Айтыс» поэмасы толық аяқталмаған, онда Торайғыров қала ақыны мен дала ақынын айтыстырып, екі ортаның қайшылықты жақтары мен адамға пайдалы тұстарын қатар алып суреттейді. Торайғыров шығармалары - 20 ғасырдың басындағы қазақ қоғамы шындығын, ондағы жаңашыл ой-пікірдің дамуын танытатын үлкен белес. Оның ізденістері «шындықтың ауылын іздеумен» байланысты, оның реализмі бұлтақсыз, жалтақсыз айтылған шындыққа, әлеуметтік тіршіліктің шынайы суреттеріне негізделген, оның теңденциясы да сыншыл. 11 6 жыл бұрын (1899-1966) қазақтың тұңғыш анатом ғалымы, медицина ғылымының кандидаты, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері БӨКЕЙХАНОВ Хазихан Наушаұлы дүниеге келді. Батыс Қазақстан облысы Бөкей Орда ауданында туған. Астрахан медициналық институтын, Алматы медициналық институтының (Қазақ ұлттық медициналық университеті) аспирантурасын бітірген. 1918-1920 жылдары Орданың Шонай, Сайқын, Толыбай аудандарындағы сүзек, тырысқақ, оба індетіне қарсы шыққан экспедицияларға қатысқан. 1930-1934 жылдары - Казталовка ауданы емханасының меңгерушісі. 1934 жылдан өмірінің соңына дейін Алматы медициналық институтының доценті, профессоры, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарған. Ғалым безгек, бұғақ, жұқпалы тері ауруларын зерттеп, оларды емдеу мәселелерімен шұғылданған. 16-дан астам ғылыми еңбектердің авторы. «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған.

8 1 жыл бұрын (1934-2015) жазушы, аудармашы, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері БЕЛЬГЕР Герольд дүниеге келді. Ресейдің Саратов облысында туған. Абай атындағы Қазақ педагогика институтын және аспирантурасын бітірген. Шығармаларын неміс, орыс, қазақ тілдерінде жазады. 1958-1960 жылдары - Жамбыл облысы Байқадам кеңшарының орта мектеп мұғалімі. 1963-1964 жылдары - «Жұлдыз» журналының әдеби қызметкері. 1964 жылдан - шығармашылық жұмыста. 1992 жылдан - неміс тілінде шығатын «Феникс» альманахы бас редакторының орынбасары. «Ауыл шетіндегі үй», «Даладағы шағалалар», «Алты асу», «Тас өткел», «Бауырластықтың жанды бейнесі», «Созвучие», «Уақытпен бетпе-бет», «Мотивы трех струн», «Гете и Абай», «Родство», «Земные избранники» зерттеу еңбектерінің, жекелеген әңгіме, мақалалары енген 25-ке жуық жинақтардың авторы. Б.Майлин, Х.Есенжанов, Ә.Нұрпейісов, Ә.Кекілбаев, Д.Досжанов, тағы басқа қазақ жазушыларының бірқатар шығармаларын қазақшадан орыс тіліне, А.Раймген, Э.Кончак, Н.Ваккер, тағы басқа неміс ақын, жазушыларының жекелеген туындыларын неміс тілінен орысшаға аударды. Қазақстан Жазушылар одағының Б.Майлин атындағы сыйлығының иегері, Президенттің бейбітшілік пен рухани татулық сыйлығының иегері, Қазақстан ПЕН-клуб сыйлығының иегері. «Парасат» орденімен марапатталған.

5 8 жыл бұрын (1957) кеңестік және қазақ эстрада әншісі (сопрано), педагог, профессор, Қазақ КСР халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қырғызстан мен Өзбекстанның еңбек сіңірген әртісі РЫМБАЕВА Роза Қуанышқызы дүниеге келді. Семей облысында туған. Т.Жүргенов атындағы Алматы театр-көркемөнер институтын бітірген, музыкалық комедия актері. 1976 жылдан - «Гүлдер» республикалық эстрадалық-жастар ансамблінің мүшесі. 1979 жылдан осы кезге дейін - Қазақ мемлекеттік «Қазақконцерт» концерт бірлестігінің әншісі. «Парасат» орденімен маратталған. «Эстрада жұлдызы» аталымында «Жыл адамы» (2000) атанған. Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының, «Өмірді әнмен өрнектеп» телевизиялық конкурсының, Бүкілодақтық жас орындаушылар конкурсының лауреаты. «Алтын Орфей», «Сопот-77», «Алтын микрофон» фестивальдарының Гран-при иегері. 5 7 жыл бұрын (1958) Еуразия гуманитарлық институтының бірінші ректоры, психология ғылымының кандидаты, профессор ЫСМАЙЫЛОВ Амангелді Жақсылықұлы дүниеге келді. М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін, КСРО Педагогика ғылымдары академиясы Жалпы және психологиялық психология ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасын бітірген. 1988-1996 жылдары - Ақмола педагогикалық институты, Ақмола мемлекеттік университетінің аға оқытуышсы, доценті, кафедра меңгерушісі, факультет деканы, оқу ісі жөніндегі проректоры. 1996-2004 жылдары - Л.Гумилев атындағы Еуразия университетінің бірінші проректоры, оқу және ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры. 2004-2007 жылдары Еуразия гуманитарлық институтының ректоры. 40-тан аса ғылыми жарияланымның авторы.

5 5 жыл бұрын (1960) кинорежиссер, сценарист, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Кинематографистер одағының, «НИКА» киноакадемиясының мүшесі АПЫРЫМОВ Серік Секенұлы дүниеге келді. Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданында туған. Алматы индустриялық техникумын, Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтын (С.Соловьёв шеберханасы) бітірген. «Қазақфильм» киностудиясында жүргізуші, режиссердің ассистенті болып жұмыс істеген. 1989-1992 жылдары - ағылшындық Би-Би-Си телекомпаниясының шақыруымен Лондон қаласында режиссердің ассистенті қызметтерін атқарған. 1992 жылдан бері шығармашылық жұмыста. Ол «Соңғы аялдама», «Ақсуат», «Аңшы», т.б. фильмдерін түсірген. Режиссердің фильмдері Халықаралық кинофестивальдардың 20-дан астам жүлдесін жеңіп алған. Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының, «Тарлан» сыйлығының, «Аңшы» фильмі үшін «ТМД елдеріндегі үздік фильм» номинациясы бойынша «НИКА»-2004 сыйлығының иегері атанды. 19 7 жыл бұрын (1818-1883) орыс жазушысы, Петербор ғылым академиясының корреспондент мүшесі ТУРГЕНЕВ Иван Сергеевич дүниеге келді. Ресейдің Орел қаласында туған. Мәскеу университетін, Петербор университетінің философия факультетінің сөз өнері және тіл бөлімін бітірген. Берлин университетінде филология, философия және тарихтан дәріс тыңдаған. 1842-1944 жылдары Ішкі істер министрлігінде қызмет атқарған. Жазушының «Стено», «Параша», «Әңгіме», «Андрей», «Помещик» поэмалары, «Андрей Колосов», «Үш портрет», «Бретер», «Петушков», «Муму», «Фауст», «Ася», «Ит», «Түс», «Махаббат әні», «Клара Милич» әңгімелер мен повестері, «Рудин», «Дворян ұясы», «Қарсаңда», «Әкелер мен балалар», «Түтін», «Жаңалық» романдары, «Жетер!» философиялық этюды, 25 әңгіме, очерктерден тұратын «Аңшының жазбалары» топтамасы жарық көрген. Шығармалары дүние жүзінің көптеген тілдеріне аударылған. Қазақ тілінде «Әкелер мен балалар», «Дворян ұясы», «Аңшының жазбалары», «Түтін» шығармалары басылған. 60 жыл бұрын (1955) американдық кәсіпкер, Microsoft корпорациясының негізін қалаушы Билл ГЕЙТС (Уильям Генри Гейтс III)) дүниеге келді. 4 8 жыл бұрын (1967) голливуд актрисасы, «Оскар» сыйлығының иегері Джулия РОБЕРТС (Джули Фиона Робертс) дүниеге келді.

Соңғы жаңалықтар