28 мамырда Қазақстанның 16 облысында дауылды ескерту жарияланды

АСТАНА. КАZINFORM — «Қазгидромет» РМҚ 28 мамыр күні Қазақстанның 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды.

28 мамырда Қазақстанның 16 облысында дауылды ескерту жарияланды
Фото: pixabay

Астана қаласында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түсуі мүмкін. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Алматы қаласында жаңбыр мен найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыс желі кей уақытта 15 м/с дейін күшейеді.

Шымкент қаласында түнде және таңертең жаңбыр, найзағай, дауылды жел күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с.

Абай облысының шығысы мен орталығында түнде жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауылды жел күтіледі, облыстың оңтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Жел екпіні кей жерлерде 23-28 м/с дейін жетеді. Өңірде жоғары өрт қаупі сақталады, шығысында төтенше өрт қаупі бар.

Ақмола облысында жаңбыр, найзағай, кей жерлерде қатты жаңбыр, бұршақ және дауылды жел болады. Желдің екпіні 23-28 м/с дейін күшейеді. Облыстың батысы мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысында түнде кей жерлерде аздаған жаңбыр мен найзағай, күндіз жаңбыр және найзағай күтіледі. Желдің екпіні 15-23 м/с. Өңірде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматы облысының оңтүстігі мен таулы аймақтарында жаңбыр, кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауылды жел болады. Жел екпіні 25 м/с дейін жетеді. Солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Атырау облысында жаңбыр, найзағай, кей жерлерде қатты жаңбыр, бұршақ және дауылды жел күтіледі. Желдің екпіні 23-28 м/с дейін күшейеді. Кей аудандарда жоғары және төтенше өрт қаупі бар.

Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр, найзағай, қатты жаңбыр, бұршақ және дауылды жел күтіледі. Желдің екпіні 23-28 м/с. Облыстың батысы мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысында жаңбыр, найзағай, таулы өңірлерде қатты жаңбыр, бұршақ және дауылды жел болады. Жел екпіні 23-28 м/с дейін жетеді. Солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысында жаңбыр, найзағай, кей жерлерде қатты жаңбыр мен бұршақ күтіледі. Желдің екпіні 23-28 м/с. Облыста жоғары, ал шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысында жаңбыр, найзағай, кей жерлерде бұршақ пен дауылды жел болады. Желдің екпіні 15-20 м/с. Облыстың бірқатар бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысында күндіз жаңбыр, найзағай, дауылды жел, кей жерлерде қатты жаңбыр мен бұршақ күтіледі. Жел екпіні 23-28 м/с дейін күшейеді. Өңірде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысында жаңбыр, найзағай, кей өңірлерде қатты жаңбыр, бұршақ және дауылды жел болады. Желдің екпіні 23-28 м/с дейін жетеді. Бірқатар ауданда жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысында жаңбыр, найзағай, дауылды жел, кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с. Өңірде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысында жаңбыр, найзағай, тұман және шаңды дауыл болады. Желдің екпіні 15-20 м/с. Кей аудандарда жоғары және төтенше өрт қаупі бар.

Павлодар облысында жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауылды жел күтіледі. Жел екпіні 23-28 м/с дейін жетеді. Солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауылды жел болады. Желдің екпіні 23-28 м/с. Кей жерлерде жоғары өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысында жаңбыр, найзағай, дауылды жел, кей аудандарда қатты жаңбыр мен бұршақ күтіледі. Жел екпіні 23-28 м/с дейін күшейеді. Солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысында жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауылды жел болады. Желдің екпіні 23 м/с дейін жетеді. Өңірде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.