28 тамыз күні еліміздің басым бөлігінде жел тұрып, жаңбыр жауады

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК ел аумағында 28 тамызда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады.

ауа райы
Фото: Pixabay

Фронтальды бөлімдердің өтуімен Қазақстанның көп бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Найзағай, бұршақ, дауылмен бірге жаңбыр жауып, түнде елдің орталығында қатты жауын жауады.

Республиканың батысында, оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша желдің күшеюі күтіліп, елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман болып, оңтүстігінде, оңтүстік-батысында шаңды дауыл тұрады.

«Абай, Ұлытау облыстарында, Батыс Қазақстан облысының батысында, орталығында, Атырау облысының орталығында, оңтүстік-шығысында, Маңғыстау облысының орталығында, Қызылорда облысының солтүстік-шығысында, орталығында, Жетісу облысының солтүстік жартысында, Қарағанды облысының батысында, шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Алматы облысының батысында, солтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының батысында жоғары өрт қаупі сақталады», — деп жазды синоптиктер.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Атырау, Маңғыстау облыстарында, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында, Абай облысының батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.

Соңғы жаңалықтар