29-31 қазан күндері Тараздағы Орталық базар толығымен көшіріледі

  ТАРАЗ. 15 қазан. ҚазАқпарат - 29-31 қазан күндері Тараздағы Орталық базар қонысын өзгертетін болады, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.
None
None

Тараз қаласы әкімдігі қабылдаған қаулыда атап көрсетілгендей: «Қаланың тарихи орталығын белгіленіп отырған қайта жаңғыртылуына, ескі базардың көшірілуіне, сейсмикалық тұрақсыз, құны аз бір қабатты тұрғын үйлердің сырылуына және «Көне Тараз» этнографиялық тарихи-мәдени ойын-сауық кешенін құруға байланысты «Төлебай», «Дүйсеке», «Шахристан», «Тілек», «Назар», «Райхан және К», «Еркебұлан», «Караван», «Тәжібай», «Тараз», «Бауыржан» ЖШС, Әміреев ЖК, Сейітов ЖК, Боппеков ЖК, Нұралиев ЖК, Баклицский ЖК базарларын 29-31 қазан күндері жаңа базарларға көшіру қажет».  

Саудагерлерге Таразда соңғы жылдары салынған «Ауыл береке», «Атакент-Тараз» базарларына, сондай-ақ Асқаров көшесінде орналасқан жаңа ірі сауда-базар кешеніне көшуді ұсынуда. Ол жерлерде базарға келушілер мен саудагерлер үшін заманауи талаптарға жауап беретін барлық жағдайлар жасалды.

Естеріңізге сала кетейік, Тараздағы қазіргі Орталық базардың орнында «Мәдени мұра» бағдарламасының аясында археологиялық қазба жұмыстары өткізілуде, ал болашақта «ашық аспан астындағы мұражайды» құру жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар