29 қыркүйекте Қазақстанның бірқатар өңірінде қатты жаңбыр, қар, бұршақ жауады

АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» РМК дерегінше, 29 қыркүйекте Қазақстан аумағының басым бөлігінде қауіпті метеорологиялық құбылыстар болжанып отыр.

Жаңбыр, найзағай: 29 маусымға арналған ауа райы болжамы
Фото: freepik

Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты шығыста және орталықта қатты жаңбыр жауып, солтүстікте және орталық өңірлерде жаңбыр қарға ауысуы ықтимал.

Оңтүстікте және шығыста найзағай ойнап, шығыста бұршақ пен дауыл болжанады.

Елдің батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Республика бойынша жел күшейіп, түнде және таңертең тұман түседі.

Үсік:
– Ақмола облысының батысы, солтүстігі мен шығысында;
– Батыс Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде;
– Қостанай облысының батысы мен солтүстігінде;
– Ақтөбе және Павлодар облыстарының солтүстігінде түнде 3°С аяз күтіледі.

Өрт қаупі жоғары:
– Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде;
– Атырау облысының солтүстік-шығысында;
– Маңғыстау облысының солтүстігі мен оңтүстік-шығысында;
– Ақтөбе облысының оңтүстігінде.

Төтенше өрт қаупі:
– Түркістан және Қызылорда облыстарында;
– Атырау облысының солтүстігі, оңтүстігі және шығысында;
– Жамбыл облысының батысы, солтүстігі және орталығында;
– Батыс Қазақстан облысының шығысында;
– Ақтөбе облысының батысы, солтүстігі, солтүстік-шығысы және орталығында;
– Алматы облысының солтүстігінде;
– Қарағанды, Қостанай облыстарының оңтүстігінде;
– Ұлытау облысында.

«Қазгидромет» азаматтарды ауа райының қолайсыз жағдайларында сақтық шараларын ұстануға шақырады.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанның астанасында және 17 өңірінде жаңбыр мен қар жауып, үсік жүретіні хабарланды.

Соңғы жаңалықтар