29 қыркүйек күні республиканың кей аймақтарында жаңбыр жауады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 29 қыркүйек күні Қазақстанның көптеген бөліктерінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республиканың солтүстігінің кей жерлерінде жаңбыр жауады, оңтүстік-шығысының таулы аймақтарында жауын-шашын болып, кей жерлерінде тұман, екпінді жел болады, оңтүстігінің кей жерлерінде шаңды дауыл көтеріледі.

29 қыркүйек күні республиканың кей аймақтарында жаңбыр жауады

Бұл туралы Қазгидромет хабарлады.

Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 18-23 м/с күшейеді, түнде және таңертең кей жерлерінде тұман күтіледі. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді. Қызылорда облысының кей жерлерінде жел шаңды дауылмен 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысында, түнде және таңертен Ақмола, Қарағанды, Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Түнде Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде 1-3 градусқа дейін күн суытады.

Қызылорда облысында, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.