29 тамызда Астанада «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауы өткізілмек

Биыл Астана қаласының кәсіпкерлер палатасы қалалық әкімдіктің қолдауымен алғаш рет ауқымды іс-шараны ұйымдастырып отыр. Көрмеге елордалық бизнес-қауымдастығының белді майталмандарымен қоса, әйел кәсіпкерлер өкілдері, сондай-ақ стартап жобалараның иегерлері де белсене қатыспақ.
Елбасы жарлығына сәйкес 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Алтын сапа Президеннттік сыйлығының және «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауының ұйымдастырылуы ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының еншісіне берілді. Байқаудың басты міндеті - отандық тауарлардың сапасы мен бәсекелестігін еліміздің және әлемдік талаптардың шарттарына сай арттыру болып табылады.
Көрме барысында отандық тауар өндірушілердің өнім сұрыптамалары көрермен назарына кеңінен ұсынылмақ. Сондай-ақ, қатысушылар: «Өңдірістік мақсаттағы үздік тауарлар» , «Үздік азық-түлік тауарлары» және «Тұрғындарға арналған үздік тауарлар» аталымдары бойынша марапатталмақ.
Іс-шараның соңы байқау жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау мен эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтетін концерттік бағдарламаға ұласпақ, деп хабарлайды елордалық кәсіпкерлер палатасы баспасөз қызметі.