Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

29 желтоқсанда елордада және елдің екі өңірінде ескерту жарияланды

АСТАНА. 28 желтоқсан. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК елорда мен елдің екі өңірінде ескерту жариялады.

29 желтоқсанда елордада және елдің екі өңірінде ескерту жарияланды

29 желтоқсанда Павлодар облысында қар жауып, қарлы бұрқасын болады, батыстан, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, кей кездері оның екпіні 25 м/с-қа дейін жетеді.

Ертең Ақмола облысында қар жауып, қарлы бұрқасын болады, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, кей кездері оның екпіні 25 м/с-қа дейін жетеді. 

29 желтоқсан күні Астана қаласында қар жауып, қарлы бұрқасын болады,  оңтүстік-батыстан соғатын жел 15-20 м/с-ты құрайды.