3 адам қаза тапты: Прокуратура алтынды заңсыз іздеушілерге үндеу жасады

Ақмола облысының аумағындағы кеніштерге алтынды заңсыз іздеуге түскен 4,2 мың адам жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Кazinform.

алтын шахтасы
Фото: freepik.com

«Степногорск өңірінің аумағында «Алтыналмас» компаниялар тобына жататын алтын өндіретін кеніштер орналасқаны белгілі.

Заңда көзделген жауапкершілікке қарамастан, Степногорск аймағының аумағында жерасты шахталарына заңсыз кірудің көптеген фактілері байқалады.

Соңғы 5 жылда шахталарға заңсыз кіргені үшін Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 506-бабы бойынша 4 295 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде қайталап – 480 адам, 3 реттен артық – 100-ден астам тұлға тартылды.

Сонымен қатар 2023 жылда шахталарда алтынды заңсыз іздеген 3 адам қаза тапты», - делінген Ақмола облысы прокуратурасының мәлімдемесінде.

Мәлім етілгендей, соңғы екі жылда күзетілетін объектіге заңсыз кіруге қатысты сотқа дейінгі 8 тергеп-тексеру шарасы басталған.

Прокуратура еске салып өткендей, қауіпті өндірістік объектіге заңсыз кіру Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 506-бабы бойынша әкімшілік, сондай-ақ ҚР Қылмыстық кодекстің 269-1-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке әкеледі. Аталған баптың санкциясы жеті жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

Соңғы жаңалықтар