3 ақтөбелік қарақшылық әрекеттері үшін ұсталды

АҚТӨБЕ. 16 мамыр. ҚазАқпарат - Полиция қызметкерлері 2 қарақшылық шабуыл оқиғасына қатысы бар ақтөбелік 3 күдіктіні ұстады.
None
None

Облыстық ІІД брифингте хабарлағандай, 2 мамырда қарызды өтей алмайтындармен жұмыс бойынша департамент комитетінің 26 жасар күзетшісі полицияға шағымданған. Оның сөзіне қарағанда, түнде бетперде киген біреулер қарақшылық шабуыл жасаған. 

Олар ғимараттың есігін сындыра отырып, ішке кірген. Күзетшіге қоқан-лоқы көрсетіп, оны белдікпен байлап тастап, құжаттар салынған сейфті ұрлап әкеткен. Сондай-ақ олар күзетшінің ұялы телефоны мен 10 мың теңгесін қолды еткен. 

ҚР ҚК-нің 179 бабы (Қарақшылық) бойыша қылмыстық іс қозғалды, қылмыс бірден әшкере болмады, дегенмен құрылған жедел-іздестіру тобымен жедел-іздестіру шаралары жалғасын тапты. Жуырда аталмыш қылмыстық жасады деген күдікпен Ақтөбе қаласының 21-23 жас аралығындағы 3 тұрғыны анықталып, ұсталды.

Сонымен қатар олардың тағы да басқа қарақшылық шабуыл оқиғасына қатысы бар екендігі анықталды. Ол оқиға 29 сәуірде қалалық қоқыс полигонында орын алған.

Екі факті бойынша тексеру амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар