3 қыркүйек күні үсік жүріп, жел күшейеді - Қазгидромет

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстанның бірқатар өңірінде 3 қыркүйектің күн райына байланысты ескерту жарияланды. Синоптиктер үсік, тұман, найзағай, бұршақ, шаңды дауыл және желдің күшеюін болжады. Сонымен қатар көптеген облыста өрт қаупінің жоғары және төтенше деңгейі сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Жаңбыр, бұршақ, жел: 16 маусымға арналған ауа райы болжамы
Фото: Kazinform

Абай облысының солтүстігі мен орталығында түнде және таңертең тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-шығысқа ауысады. Таңертең және күндіз облыстың оңтүстік-батысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Түнде облыстың батысы мен шығысында 3 градусқа дейін үсік жүреді.

Ақмола облысының батысы, оңтүстігі мен орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың батысы, солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Түнде облыстың шығысында топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік болады.

Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады. Облыстың қалған аумағында өрт қаупі төтенше деңгейде болады. Ақтөбе қаласында да төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматы облысында күндіз облыстың оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Таулы аудандарда өткінші жаңбыр мен найзағай күтіледі. Түнде және таңертең таулы аудандарда кей уақытта тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады. Күндіз таулы аудандарда желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың орталығы, батысы мен шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматыда күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Қонаевта төтенше өрт қаупі сақталады.

Атырау облысында төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау қаласында да төтенше өрт қаупі бар.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Түнде солтүстік, шығыс және таулы аудандарда 5 градусқа дейін үсік жүреді. Өскеменде түнде және таңертең тұман болады.

Жетісу облысының таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең таулы аудандарда тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан соғады. Облыстың шығысы мен таулы аудандарында желдің екпіні секундына 15-20 метрге, Алакөл көлдері маңында кей уақытта 23-28 метрге дейін жетеді. Облыстың солтүстігінде өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады. Оңтүстігі мен шығысында өрт қаупі төтенше деңгейде болады.

Батыс Қазақстан облысында төтенше өрт қаупі сақталады. Солтүстік-батыста өрт қаупі жоғары деңгейде болады. Орал қаласында да жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан соғады. Облыстың оңтүстік-шығысында желдің екпіні секундына 15 метрге жетеді. Түнде облыстың шығысында 2 градусқа дейін үсік жүреді. Орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының батысы, шығысы мен оңтүстігінде жаңбыр жауады. Күндіз найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Түнде және таңертең облыстың батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Оңтүстігі, оңтүстік-шығысы мен орталығында өрт қаупі төтенше деңгейде болады.

Қызылорда облысының оңтүстігі мен орталығында күндіз шаңды дауыл соғады. Жел солтүстік-шығыстан соғады. Күндіз оңтүстік және орталық аудандарда желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында күндіз шаңды дауыл болады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні секундына 15 метрге жетеді. Қалада төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының батысы мен солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Орталығында өрт қаупі жоғары деңгейде болады. Ақтау қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының оңтүстігі, шығысы мен орталығында түнде және таңертең тұман түседі. Түнде облыстың оңтүстігінде 1 градусқа дейін үсік жүреді. Павлодарда түнде және таңертең тұман болады.

Солтүстік Қазақстан облысының батысы мен оңтүстігінде түнде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан соғады. Батысы мен оңтүстігінде желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Түнде облыстың солтүстігі мен шығысында топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік болады.

Түркістан облысының батысы мен солтүстігінде шаңды дауыл соғады. Батыс, солтүстік, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Күндіз желдің екпіні кей уақытта секундына 23-28 метрге дейін күшейеді. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады.

Шымкентте күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Қалада төтенше өрт қаупі сақталады.

Түркістанда солтүстік-шығыстан жел соғып, оның екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Қалада төтенше өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысында төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда да төтенше өрт қаупі бар.

Бұған дейін елде ауа температурасы 33 градусқа дейін жоғарылайтыны туралы жаздық.