3 күн ішінде Астананың мыңдаған жас отбасылары мемлекеттік бағдарлама ауқымындағы тұрғын үйге өтініш берді
Құжаттар қабылдайтын халыққа қызмет көрсету орталықтарын полиция жасақтары күзетуде. Бұл шаралар қоғамдық тәртіпті сақтау үшін қажет. Адамдар түннен бастап, кезекке тұрып, ХҚКО есігін ашқан бойда ішке лап береді. ХҚКО-ның бірінде есікті сындырып кете жаздаған.
«Дүрбелеңді азаматтардың өздері туындатады. Арнайы қызмет күзеті бізде әрдайым әзір, өйткені халықтың ағыны көп. Дегенмен азаматтар арасында қоғамдық тәртіп сақталуы тиіс», - дейді Астана қаласы бойынша ХҚКО РМК филиалының директоры Гүлмира Бабанова.
Мемлекеттік бағдарлама бойынша құжаттар келесі аптаның соңына дейін ғана қабылданады. Дегенмен ХҚКО қызметкерлері пәтерлерді бөлуде кім қағаздарын ерте не кеш әкелгені маңызды емес екенін айтады. Тұрғын үйді ең алдымен баллды неғұрлым көп жинағандар алады - ол некеде тұру ұзақтығына және балалар санына қарай есептеледі.