3 өңірде мемлекеттік кірістер департамент басшылары тағайындалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті жүйесінде бірқатар тағайындау болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Исақов Құлмұханбет Мырзахметұлы Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болып тағайындалды.

Қ. Исақов 1969 жылы туған, білімі жоғары. Еңбек жолын 1992 жылы салық органдарында бастады. Алматы қаласы бойынша Салық комитетінде әр түрлі лауазымдар атқарған. Алматы облысы бойынша Салық департаменті басшысының орынбасары, Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы. 2017 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болды.

Бұдан бөлек, Орқашбаев Қайрат Мұрзасалықұлы Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болып қызметке кірісті.

Қ. Орқашбаев 1974 жылы туған, білімі жоғары. Еңбек жолын 1998 жылы салық органдарында бастаған. Қостанай облысы бойынша Салық комитетінде әртүрлі лауазымдар атқарған. Қостанай облысы бойынша Салық департаменті басшысының орынбасары. 2014 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарды.

Сонымен қатар, Айнабеков Бауыржан Қазбекұлы Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды.

Б. Айнабеков 1971 жылы туған, жоғары білімді. Еңбек жолын 1994 жылы салық органдарында бастаған. Алматы облысы және Алматы қаласы бойынша Салық комитеттерінде әр түрлі лауазымдарда қызмет еткен. Алматы облысы бойынша Салық департаменті бастығының орынбасары, Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы. 2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болды.

Соңғы жаңалықтар