09:53, 01 Тамыз 2025 | GMT +5
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш Қазақстанға сапармен келеді
АСТАНА. KAZINFORM — 3 тамыз күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш Қазақстан Республикасына сапармен келеді. Бұл туралы Ақорда мәлім етті.

— Алматы қаласында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Антониу Гутерриш келіссөз жүргізіп, БҰҰ-ның Орталық Азия мен Ауғанстанға арналған орнықты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік орталығын аралап көреді, — делінген хабарламада.
Айта кетейік, бүгін Президент Жарлығымен Қазақстан темір жолы ұлттық компаниясының ардагері Қалтай Сәмбетов марапатталды.