3 желтоқсан. Тұлғалар туған күн

Бүгін, 3 желтоқсан күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

календарь күнтізбе
Фото: Pixabay.com

81 жыл бұрын (1943) қазақ операсының әншісі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Қанат Нұрмұхаммедұлы ОМАРБАЕВ дүниеге келді.

Қанат Нұрмұхаммедұлы ОМАРБАЕВ
Фото: kaznui.edu.kz

Алматы облысында туған. Қазақ ұлттық аграрлық университетін, Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын 1973-1998 жылдары Абай атындағы Қазақ мемлекеттік опера және балет театрының опера солисі қызметінен бастады. 1998 жылы Қазақ ұлттық музыка академиясы вокал-хор факультетінің деканы және оқытушы қызметіне шақырылды. 2000-2013 жылдары К. Байсейітова атындағы Опера және балет ұлттық театрының солисі, 2006-2009 жылдары Қазақ ұлттық музыка академиясының жеке ән айту кафедрасының меңгерушісі болды.

Қазақ өнерін жақын және алыс шетелге танытты. «Ерен еңбегі үшін», «Қазақ ұлттық өнер университетіне 20 жыл» медальдарымен марапатталды. 2006 жылы ҚР Білім министрлігінің «ҚР ЖОО үздік оқытушысы» грантын иеленді. «ҚР Еңбек сіңірген әртісі» (қазақ театр және музыка өнеріне қосқан үлесі үшін) құрметті атағы берілді. ҚР және Орталық Азия әншілер байқауының дипломанты.

54 жыл бұрын (1968) «Астана» ФК Директорлар кеңесінің төрағасы Саян Жақсыгелдіұлы ХАМИТЖАНОВ дүниеге келді.

Саян Жақсыгелдіұлы ХАМИТЖАНОВ
Фото: kazfootball.kz

Астанада туған.

2001-2003 жылдары Туризм және спорт департаментінің директоры, 2001-2004 жылдары «Жеңіс» футбол клубының президенті, 2005, 2007 жылдары «Алматы» футбол клубының президенті, 2006 жылы Қазақстан футбол одағының бас директоры болып қызмет атқарған. 2007-2008 жылдары Қазақстан футбол федерациясының бірінші вице-президенті, 2008-2012 жылдары Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы, 2012-2013 жылдары жылғы Қазақстан футбол федерациясының бірінші вице-президенті, 2013-2014 жылдары Құрама командалар комитетінің төрағасы қызметінде. 2014-2015 жылдары Қазақстан футбол федерациясының қоғамдық бастамалар жөніндегі вице-президенті, 2016 жылы «Астана» ФК бас менеджері.

Қазіргі қызметін 2023 жылдың қазан айынан бері атқарып келеді.

46 жыл бұрын (1978) М.С. Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық заң университетінің басқарма төрағасы Талғат Мақсұтұлы НӘРІКБАЕВ дүниеге келді.

 Талғат Мақсұтұлы НӘРІКБАЕВ
Фото: bilimdinews.kz

Алматы облысында туған. 2000 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, 2004 жылы Ресейдің Сыртқы барлау академиясын тәмамдаған.

Еңбек жолы: 1988-1999 жылдары Алматы ауданы Астана қаласы ІІБ тергеу бөлімінің тергеушісі, 1999-2006 жылдары ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкері, 2006-2007 жылдары ҚР Сыртқы істер министрлігі Еуропа және Америка департаментінің кеңесшісі болып еңбек етті. 2007-2008 жылдары КАЗГЮУ Университетінің президенті, 2013-2019 жылдары КАЗГЮУ университетінің ректоры болды.

Қазіргі қызметін 2008 жылдан атқарып келеді.

Мемлекеттік және ведомстволық наградалары: «ҰҚК-КНБ Қазақстан» төс белгісі (2004 ж.), ҚР ҰҚК Төрағасының алғыс хаты (2005 ж.), «Астанаға 10 жыл» (2008 ж.), «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 20 жыл» медалі (2012 ж.), «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерейтойлық медалі (2015 ж.), «Қазақстан Республикасының прокуратурысына 25 жыл» мерейтойлық медалі (2016 ж.), «Астана 20 жыл» мерейтойлық медалі (2018 ж.), «Конституциялық заңдылықты нығайтуға қосқан үлесі үшін» медалі (2018 ж.), «Ерен еңбегі үшін» медалі (2017 ж.), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет» медалі (2019 ж.).

40 жыл бұрын (1984) ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Серікұлы ЖАХИН дүниеге келді.

Нұрлан Серікұлы ЖАХИН
Фото: Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Атырау облысы бойынша департаменті

Көкшетау облысы Қызыл ту ауылында дүниеге келген. 2006 жылы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «қазақ тілі және әдебиет» мамандығы бойынша, 2010 жылы «заңгер» мамандығы бойынша тәмамдаған. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекетті басқару академиясын бітірген. Мемлекеттік саясат ұлттық мектебінде «Executive Master of Public Administration» бағдарламасы бойынша «Бизнес және басқару» магистрі атанған.

Еңбек жолы: 2010-2014 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ЭҚСКД (қаржы полициясы) инспекторы, аға инспекторы, ұйымдастыру-бақылау басқармасының АМІ жөніндегі аға инспекторы, баспасөз хатшысы қызметін атқарды. 2014-2017 жылдары МҚІжСЖҚА Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаментінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру бөлімінің басшысы, Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы, МҚІжСЖҚА Жұртшылықпен байланыс орнату департаментінің бас консультанты болды. 2018 жылдың қаңтары мен қыркүйегі аралығында МҚІжСЖҚА Жұртшылықпен байланыс орнату департаменті директорының орынбасары – Ресми өкіл қызметін атқарды. 2019-2022 жылдары ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) басшысының бірінші орынбасары болып жұмыс істеді.

Қазіргі қызметін 2022 жылдың қыркүйек айынан атқарып келеді.

76 жыл бұрын (1948-2021) Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Ғазиза ӘБДІНӘБИЕВА дүниеге келді.

Ғазиза ӘБДІНӘБИЕВА
Фото: Бахаргүл Төлегенқызы/ Facebook

Қызылорда облысының Сырдария ауданында туған. 1970 жылы Қазақ ұлттық консерваториясын бітірген.

1969-1993 жылдары Қазақ жастар мен балалар театрының актрисасы болған. 1993-2021 жылдары М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актрисасы болып еңбек еткен.

Б. Майлиннің «Шұғасында» Шұға, Ш. Айтматовтың «Арманым, Әселімде» Әсел, А. Чеховтың «Шағаласында» Аркадина, Р. Мұқанованың «Мәңгілік бала бейнесінде» Кәләй, С. Балғабаевтың «Ғашықсыз ғасырында» Райхан, М. Әуезовтің «Қаракөзінде» Мөржан, У. Шекспирдің «Гамлетінде» Гертруда және тағы басқада рөлдерді сомдады. «Тоғысқан тағдырлар» (Роза) және «Қарашегіртке» (Марго) телесериалдарына, «Ләйләнің намазы», тағы басқа көркем фильмдерге, балаларға арналған телебағдарламаларға түскен. Гастрольдік сапармен Германия, Ресей, Иран және Қазақстанның бірқатар қалаларында өнер көрсеткен.

Соңғы жаңалықтар