30 қаңтар күні Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстанда сәрсенбі, 30 қаңтарда өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.
None
None

АСТАНА

9.00-де ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы басталады.

10.00-де Сенатта «Зардап шеккендерге өтемақы төлеу қоры туралы» ҚР Заңын жүзеге асыру мәселелері бойынша Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің отырысы өтеді.

11.00-де ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы басталады.

12:00-де Көркем гимнастика академиясында («Думан» қонақ үйі) Көркем гимнастикадан Қазақстан чемпионаты ашылады.

15.00-де Қараөткел шағынауданында Халықаралық паралимпиада комитетінің президенті Эндрю Парсонстың Астанаға сапары аясында ҚР паралимпиада комитетінің президенті Қайрат Боранбаев қонақты жаңа Паралимпиадалық жаттығу орталығымен таныстырады.

19.00-де «Астана Опера» МОБТ Үлкен залының сахнасында Ж.Массненің музыкасына көрнекті хореограф К.Макмилланның қойылымындағы ерекше көріністі «Манон» балеті көрермен назарына ұсынылады.

АЛМАТЫ

11.00-де «Интерфакс-Қазақстан» агенттігінің баспасөз орталығында Қазақстандағы несиелеу мен микроқаржыландыру нарығының қорытындыларына арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

14.00-де Жамбыл атындағы мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасында «Руханият» әдеби клубының ашылуы өтеді.

КӨКШЕТАУ

15:00-де Ақмола облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде Жарқайың ауданының әкімі Мұрат Балпан өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2018 жылғы қорытындылары туралы брифинг өткізеді.

Соңғы жаңалықтар